Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Инновациялар мен инновациялық үрдістің мәні ретроспективада және қазіргі жағдайда: халықаралық аспект

Аңдатпа:

Өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында коммерциялық құрылымдарды сипаттау кезінде ұйымның экономикалық өмірінде маңызды орын алатын инновацияларға негізгі рөл беріледі. Тиісінше, олардың мәнін, мазмұнын зерттеу ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі үшін ерекше маңызға ие, бұл зерттеудің өзектілігін анықтайды. Мақаланың мақсаты - коммерциялық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі алғышарты ретінде инновациялар мен инновациялық үрдістің мәнін ретроспективада және қазіргі жағдайда зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттерін шешу қажет болды: «заманауи», «жаңашылдық» «инновация» ұғымдарының арасындағы айырмашылықтар зерттелді; «заманауи», «жаңашылдық» «инновация» ұғымдары триадасының өзара байланысы айқындалған; ретроспективада «инновация» ұғымы зерттелді; нарықтық экономикадағы «инновация» ұғымы (шетелдік тәжірибе) зерттелді; халықаралық инновациялық теория мен практикада «инновация» ұғымын айқындау тәсілдері айқындалған; инновациялық үрдістің мазмұны, сондай-ақ инновациялық үрдістің авторлық балама сызбасы ұсынылған; қазіргі жағдайда «инновация», «инновациялық үрдіс» ұғымдарын түсіндіруге авторлық көзқарас ұсынылған. Теориялық және әдіснамалық негіз отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде ұсынылған тұжырымдамалар, гипотезалар мен теориялар болды. Әдістеме жүйелік тәсілге негізделген, оның шеңберінде салыстырмалы, факторлық, субъект-объект, құрылымдық-функционалдық, статистикалық талдау және экстраполяция әдістері қолданылды. Мақалада «инновация», «инновациялық үрдісс» ұғымдары ретроспективада және қазіргі аспектіде зерттелген. «Инновация» ұғымына көзқарастар жүйеленді, инновациялық үрдістің балама сызбасы ұсынылды. Қазіргі жағдайда инновацияны инновациялық үрдістің барлық аспектілерін көрсететін үрдіс жүйесі ретінде қарастыру керек, оның негізгі мақсаты тиімділікке қол жеткізу болып табылады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: