Тіл мəдени шындықты қабылдау жəне түсіндіру құралы ретінде
Түйінді сөздер: лингвомəдениетану, əлемнің мəдени бейнесі, когнитивтік лингвистика, мəдениетаралық коммуникация, тілдік концептуализация, лингвистикалық салыстырмалық, этнолингвистика.
Бұл зерттеу жаһандану мен мəдениетаралық коммуникация жағдайында тілді мəдени
шындықты қабылдау мен түсіндіру құралы ретінде қарастыру мəселесін көтереді. Тіл тек
коммуникация құралы ғана емес, когнитивтік үлгілер мен мінез-құлық нормаларын
қалыптастыратын мəдени код ретінде түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты – тіл арқылы мəдени мағыналар қалай құрылып, бейнеленіп жəне
жеткізілетінін анықтау жəне ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу əдістемесі пəнаралық тəсілге
негізделген: когнитивтік лингвистика, тіл философиясы, лингвомəдениеттану жəне
антропология. Негізгі əдістер: салыстырмалы-сопоставительный талдау, когнитивтік жəне
интерпретациялық тəсілдер, контент-талдау жəне этнолингвистикалық элементтер.
Нəтижесінде тілдегі мəдени мағыналарды білдіру тетіктері айқындалды: метафоралар, тұрақты
тіркестер, категориялау, тілдік тыйымдар жəне ритуалды формулалар. Сепир-Уорфтың
лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасы расталды. Зерттеу тілді тек бейнелеуші емес, мəдени шындықты құрастырушы құрал ретінде қарастырады. Нəтижелер білім беру, аударма,
мəдениетаралық қарым-қатынас жəне гуманитарлық саясат үшін маңызды теориялық жəне
практикалық маңызға ие
