XVIII-ХІХ ғасырда Іле өңірінде болған тарихи оқиғалар: Жетісу қазақтарының Ілеге қоныс аударуы жəне патшалық Ресейдің Ілеге шабуыл жасауы

Түйінді сөздер: Іле өңірі, қарауыл қалмақтар, Іле сұлтандығы, Жетісу қазақтары, Өлт қалмақтар, Торғауыт қалмақтар, Текес

Аңдатпа

қарастырылған. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Цин (Чиң) патшалығының
құрамына енген Іле өңірінің əскери, əкімшілік жүйесінің қалыптасуы, стратегиялық маңызы
таладанады. Цин билігі Іле өлкесін қорғау мақсатында түрлі этникалық топтардан құралған
əскерлер орналастырып, шекаралық тəртіп пен ішкі қоныстану саясатын қатаң жүргізді.
Мақсаты: Іле өңірінің XVIII–XIX ғасырлардағы саяси, этникалық жəне əскери-
əкімшілік тарихын ішкерлей зерттеу арқылы, қазақ халқының осы өлкедегі ықпалын,
қоныстану үдерісін көрсету.
Əдістер: тарихи-хронологиялық əдіс: Іле өңірінің саяси-əлеуметтік тарихын кезең-
кезеңімен жүйелеу үшін пайдаланылды; деректану əдіс: архивтік құжаттар, патшалық Ресейдің
статистикалық мəліметтері, Цин патшалығының орда естеліктері, ресми хаттамалар;
салыстырмалы талдау: түрлі ғалымдардың (Қазақстан, Ресей, Қытай, Еуропа, АҚШ)
зерттеулеріне сүйену. Мұрағаттық жəне дерекнамалық əдіс: Іле өңірі туралы зерттеушілердің
жазбаларын талдау. Статистикалық талдау əдісі: Іле өңіріндегі халық санағы негізінде
этникалық құрам, отырықшы мен көшпелі халықтар арақатынасы статистикалық негізде
қарастырылды жəне көші-қон үдерістерінің сандық сипаттамасы берілді.
Нəтижелер жəне олардың маңыздылығы: Іле өңірінің XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи
тағдыры – Жоңғар хандығының күйреуінен бастап Цинь империясының отарлау саясатына
дейінгі аралық нақты сипатталды. Іле генерал мекемесінің құрылуы, оның билік құрылымы,
басқару əдістері мен отарлық саясаты архивтік жəне деректік материалдар арқылы ашып
көрсетілді. Қазақтар мен қырғыздардың Ілеге көшуі мен қоныстануының саяси жəне этникалық
астары ашылды.
Алғыс: Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің
«Орталық Азия мен Қытайдың көпжақты ынтымақтастығы: əрекеттестіктің алғашқы кезеңінен
бастап стратегиялық серіктестікке дейін» ЖТН: BR24993008 атты мақсатты қаржыландыру
бағдарламасы аясында дайындалған.

PDF толық мәтінін ашу