Әзірбайжан тiлiндегi дауыссыз дыбыстардың зерттелуi жайлы
Түйінді сөздер: дауысты, дауыссыз, дыбыс, қатаң дауыссыздар, ұяң дауыссыздар
Аңдатпа
PDF толық мәтінін ашуӘзірбайжан тiл бiлімінде дауыссыз дыбыстарды зерттеу ХХ ғ. бiрiншi жарты жылдығында басталып, дауыссыз дыбыстардың статистикалық, физиологиялық-акустикалық, фонологиялық талдауына байланысты сұрақтар өз шешiмiн тапты. Осыған орай Б. Чабанзаде, Ф. Казымов, А. Демирчизаде, А. Курбанов, соның iшiнде А.Ахуновтардың зерттеулері ерекше маңызды болып табылады. Әзірбайжан тiлiндегi фонетика және фонология бойынша жұмыстарға талдау жүргізе келе, автор дауыссыздар фонетикасы мәселелері көбірек зерттелген деген қорытынды жасайды.
