Педагогикалық ЖОО жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру
Түйінді сөздер: тәрбиелік әлеует, адамгершілік әлеует, шығармашылық әлеует, коммуникативтік әлеует, сұхбаттасу әлеуеті, ұлттық әлеует, тәрбие жұмысы.
Аңдатпа
PDF толық мәтінін ашу5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің тәрбиелік әлеуетін мақсатты қалыптастырудың негізгі шарты жоғары оқу орнының компонентіне «Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелік әлеуетін дамыту» арнайы курсын енгізу болып табылады. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелік әлеуеті жиынтығының қалыптасу деңгейін анықтау және оларды қалыптастыру әдістері бойынша өткізілген тәжірибелік-зерттеу жұмыстары қысқаша сипатталады.
