Көненің көзі - дананың сөзі

Түйінді сөздер: мақал-мәтелдер, халық ауыз әдебиеті, нақыл сөздер, тарих, пікір

Аңдатпа

Мақал-мәтел дегеніміз - халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде,
ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз. Мақал менен мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне
түрі: ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің
түйіні, аңсаған асыл арманының арқасы, өмір-тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға
қалдырып келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы
Мақал-мәтелдерді дана бабаларымыздан қалған аталар сөзі десе де болады. Демек, бұл - ұлт
даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш-бояуын солғындатпай, мән-мағынасын
бәсеңдетпей, көркемдігі мен бейнелілігін жоғалтпай, тұтас жеткізіп отырған ана тіліміздің құдіретті
күші. Бұл - даналықтың бір бұлағы тіл деген сөз.

PDF толық мәтінін ашу