Павлодар облысы халқының өсуін корреляциялық-регрессиялық талдау
Түйінді сөздер: корреляция, регрессия, туу коэффициенті, туылғандар саны, халық.
Аңдатпа
PDF толық мәтінін ашуБұл мақалада Павлодар облысының өңірлері бойынша 2009-2013 жылдардағы туу үрдісінің
корреляциялық-регрессиялық талдауы келтірілген. Аталмыш талдау әлеуметтік факторларға
байланысты халықтың табиғи қозғалысының деңгейін анықтауда маңызы зор. Факторлық белгі
ретінде өңірдегі мың адамға шаққандағы ажырасу мен жалпы алаңның ш.м. 1 адамға шаққандағы
орташа есеппен халықтың үймен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері алынды. Алынған нәтижелер
бойынша факторлық және нәтижелік белгі арасында тығыз байланыс бар екені анықталды.
