Балаларға арналған телевизиялық өнімнің әлеуметтік жіктелуінің контент-талдауы («Балапан» телеарнасы материалдарында)

Түйінді сөздер: балалар телевизиясы, телевизиялық аудитория, әсер ету стратегиялары, әсер ету нысандары, телевизиялық бағдарлама.

Аңдатпа

Жұмыста контент-анализ негізінде «Балапан» телеарнасы өнімінің әлеуметтік жіктелуінің зерттеуі ұсынылған. Гендерлік қатыстылығы, жас категориясы, білімі, қызығушылығы, ұлты, тұрғылықты орны бойынша жіктелуі қарастырылған. Берілген критерийлер контент жасауда ескеріледі және баланың әлеуметтік тобына байланысты телеарнада әр түрлі жастағы көрермендерге арналған өнім пайда болады.
Авторлар балалардың негізгі әлеуметтік топтарын көрсеткен және балаларға арналған телевизиялық контентті құрастыру кезінде қолданылатын стратегиялар мен әсер ету нысандары талдаған. «Балапан» балалар телеарнасы бағдарламаларының келесі кілтті қызметтік бағыттары анықталған: танымдық, оқытушылық және ойын-сауықтық. Авторлардың ойынша, ең алдымен балаларды телеэкрандағы ашық түсті аудиовизуальды сурет қызықтырады. Көрерменнің жасы ұлғайған сайын, оның телевизиялық өнімге деген түйсігі де саналы болып келеді.Әрбір жас ерекшеліктеріне (ерте мектепке дейінгі, ересек мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы, жасөспірімдік жастағы және ерте балғын жастағы) деген әсер ету стратегиялары мен нысандары балаларға арналған телевизиялық контенттің жасалуы кезінде ескеріледі.

PDF толық мәтінін ашу