Педагог-музыканттың іс әрекетіндегі шығармашылық компоненті
Түйінді сөздер: кәсіби дайындық, кәсіби іс-әрекет, педагогикалық өзара қарымқатынас, шығармашылық өзара қарымқатынас, шығармашылық іс әрекет.
Берілген мақалада «шығармашылық» ұғымы педагог-музыканттың болашақ кәсіби іс-әрекетіне дайын болу моделінің көрсеткіштерінің бірі - шығармашылық компоненті ретінде қарастырылынған. Педагогикалық шығармашылыққа дайындығының көрсеткіштері ретінде педагогикалық процесті шығармашылық түрде басқару, болып табылады. Педагогикалық процесті басқару – педагогикалық процесте оқушылармен шығармашылық түрде өзара қарымқатынасты құрастыра алуы; Теориялық білімдер мен тәжірибеге талдау жасай отырып, іс әрекеттің мазмұнын өз бетінше құрастыру; Алған білімдерін түрлі педагогикалық жағдайларда қолдана білу болып табылады.
