Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы экономикалық қайта құру түпкілікті мақсатына жетудің факторы ретінде
Түйінді сөздер: өмір сүру сапасы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, өмір сүру деңгейі, ауыл халқы әлеуметтік жағынан қорғалуы, ауылдық округі, жұмыспен қамту, аграрлық нарық, адами әлеуеті.
Бұл мақалада өмір сүру сапасының түсінігі басымдық ретінде және мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму бағыттының бірі ретінде қарастырылған. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы
және оның әлеуметтік қорғалуы, агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасының жай-күйі және ауылдық
аумақтарды дамытуы анықталған. Ауылдық аумақтардың мәселелері ауылдық округ мысалында
қарастырылған. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық қажетті
шарттар жасалған. Ауыл халқының өмір сапасы өсу үшін мемлекеттік аграрлық саясатты түзету
қажет, сондай-ақ мемлекет және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру керек.
