Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)
Түйінді сөздер: коммерциялық телевизиялық жарнама, Қазақстанның жарнамалық нарығы, контент-талдау, бұқаралық ақпарат құралдары.
Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген.
Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.
