Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Түйінді сөздер: жалпы өңірлік өнім, шағын және орта бизнес, халықтың жұмыспен қамтылуы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, еңбек нарығы
Бұл мақалада Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қарастырылған, өңірдің негізгі салаларын дамытудың сипаттамасы мен серпіні келтіріледі, оның ішінде – өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының жағдайы, шағын және орта бизнес саласының дамуы, еңбек нарығы, сауда, электр, жылу және сумен жабдықтау, құрылыс. Облыс экономиканың прогрессивті және әртараптандырылған құрылымымен сипатталады. Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі ең үлкен үлес салмағын алады. Облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету контексінде дамуының басым бағыты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
