Ойынға тəуелділік əлеуметтік мəселе ретінде: алдын алу жəне құқықтық реттеу механизмдері

Түйінді сөздер: тəуелділік, құмар ойындарға тəуелділік, құмар ойындар жəне компьютерлік ойындар, алдын алу, құқықтық реттеу.

Аңдатпа

Негізгі проблема:Мақалада осы мəселенің ауырлығы мен таралуын сипаттайтын
статистикалық деректер келтірілген. Бұл мəселені балалар мен жасөспірімдерге қатысты
шешудің өзектілігі расталған.
Мақсаты:Жұмыстың мақсаты – құмар ойындарға тəуелділіктің алдын алу механизмі
ретінде заңды қолдану мүмкіндігін бағалау.
Əдістері:Құмар ойындарға, компьютерлік ойындарға жəне интернетке тəуелділікті
бағалауға қатысты əлеуметтанулық зерттеулердің нəтижелері көрсетілген.
Нəтижелері жəне олардың маңыздылығы: Құмар ойындарға тəуелділіктің əлеуметтік-
психологиялық алдын алу жəне құқықтық реттеудің негізгі механизмдері қарастырылған.

PDF толық мәтінін ашу