Жеке деректерді қорғау институтын құру жəне дамыту
Түйінді сөздер: жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, заңнама, деректердің ағып кетуі, адам құқықтары
Мақала жеке деректерді қорғау мəселесін технологиялық жетістіктер мен деректердің
ағып кету қауіптері контексінде, сондай-ақ Қазақстандағы заңнаманың тиімділігінің
жеткіліксіздігін қарастырады.
Зерттеудің мақсаты — жеке деректерді қорғау институтының дамуын əлемде жəне
Қазақстанда талдау, қолданыстағы тəсілдер мен құқықтық реттеу саласындағы мəселелерді
бағалау.
Зерттеуде нормативтік құжаттарды талдау, Қазақстанның министрліктері жасаған
зерттеулерді бағалау жəне халықаралық жеке деректерді қорғау тəжірибелерін салыстыру
əдістері қолданылады.
Нəтижелер көрсеткендей, жеке деректерді қорғау адам құқықтарының маңызды бөлігі
болып табылады жəне заңнаманы жетілдіруді талап етеді, əсіресе Қазақстанда. Деректердің
ағып кетуі жəне қорғаудың əлсіз тұстары шешілуі тиіс, соның ішінде тиімді агенттіктер құру
жəне қоғамды киберқауіпсіздік туралы хабардар етуді арттыру қажет.
