Қазіргі уақытта Covid-19 әлемдік пандемиясы Қазақстандағы туризмнің тартымдылығы мен рентабельділігін айтарлықтай төмендеткеніне қарамастан, Қазақстанның және оның өңірлерінің туристік саласы дамуын жалғастырып отыр. Туризм және жыл сайын өсіп келе жатқан туризм қызметтеріне сұраныс көптеген елдер үшін үлкен табыс пен пайда көзіне айналуда. Дүниежүзілік саяхат және туризм Кеңесінің (WTTC) мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта саяхат пен туризм әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесін және халықты жұмыспен қамтуды ескере отырып, әлемдік индустрияның ең ірі саласы болып табылады. Мақалада туристік нарықтың тартымдылығы мен саланы кеңейту жолдары бағаланады, туристік саладағы менеджменттің ерекшеліктері анықталады. Павлодар облысында туризм мәселелері анықталды. Бұл зерттеу өзекті болып табылады, өйткені бүгінгі күннің басты міндеті Қазақстан Республикасындағы басқа ілеспе салалардың дамуына ықпал ететін туризмді дамыту саласындағы проблемалар мен сын-қатерлерді зерделеу болып табылады. Туризм саласының өз мәселелерін дамыту және шешу, сөзсіз, осы нарықтың мүмкіндіктері мен қызметтерге сұраныстың артуына алып келеді және соның салдарынан облыстар мен Қазақстанның экономикалық көрсеткіштерінің дамуына әсер етеді. Мақаланың мақсаты-Павлодар облысында туристік саланы дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу. Зерттеу барысында әдебиеттерді теориялық талдау, деректерді саралау, топтастыру және жүйелеу әдісі, статистикалық әдістер сияқты әдістер қолданылды.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
4(88)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Түйінді сөздер: туризм, туристік қызмет, менеджмент, туристік нарық, ішкі туризм, сыртқы туризм, маркетингтік зерттеулер