Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Зерттеу Павлодар облысындағы «Асылтас» шаруа қожалығында ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. Зерттеу барысында буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылып, жануарлардың ішкі ағзаларын ультрадыбыстық зерттеудің ерекшеліктері айқындалды. Осы мақалада ұсынған қорытындылар заманауи диагностикалық құралдарды (ультрадыбыстық) қолдану зерттелетін органдардың жағдайын көрнекі түрде көруге, патологияны дұрыс диагностикалауға және емдеу үрдісінде жануарлардың сауығу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Аналық ұрықтандырудың оңтайлы уақытын анықтау, эмбриогенезді және репродуктивті органдардың жай-күйін қалыпты және жануарларда патология кезінде зерттеу үшін жүктілікті, жыныстық цикл сатысын барынша ерте, объективті, жедел және үнемді диагностикалау мақсатында мал шаруашылығы практикасында УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) әдісін қолдануды ұсынамыз. Мақсаты: Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау. Әдістері: Зерттеулер «Асылтас» ШҚ шаруашылық жағдайында 2021–2022 жылдар аралығында жүргізілді. «Асылтас» ШҚ шаруашылығы сиырлардың екі тұқымына маманданған: қырдың қызыл және симментал, барлығы 100 бас. Қырдың қызылсиырларының сүт өнімділігі 2500-нан 3000 кг-ға дейін өзгереді, май мөлшері 3,3–4,1 %. Асыл тұқымды шаруашылықтардағы өнімділігі бойынша симментал тұқымы 3500 – ден 4500 кг-ға дейін, ал сүттің майлылығы 3,75-тен 3,8 %-ға дейін. Алғашқы ұрықтандыру 15–18 ай жасында жүргізіледі. Сиырлардың шамамен 75 % - ы жасанды түрде ұрықтандырылады. Сиырлардың 80 %-ы құрамында 20%-ға дейін сіңірілетін ақуыз бар құрама жеммен қоректенеді. Физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты сиырлар күніне 5–15 кг құрама жем және 7–20 кг шөп алады. Зерттеулер 5 сиырда жүргізілді. Буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылды. Зерттеулер ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. PS-301V ветеринарлық ультрадыбыстық сканері қолданылды. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Ауылшаруашылық жануарларының ішкі ағзаларының даму ауытқулары мен патологияларын және буаздылықтың мерзімін ерте анықтауға мүмкіндік беруіне байланысты ультрадыбыстық зерттеу әдісін ветеринариялық практикада кең қолданысқа енгізу болып табылады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: