Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

4(84)

Тазарту

Ешкі сүті негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқылар әзірлеу
Аңдатпа: Ешкі сүті негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқылар әзірлеу
Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Өсімдік шикізатын алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы
Аңдатпа: Жалпы фитопрепараттарды жасау технологиясында дәрілік өсімдікке тән биологиялык белсендi заттардың кешенін ауқымды түрде алу ұсынылды. Қолданыстагы фитопрепараттарды прогресивті өнеркәсіпте өндіру технологиялары белсенді заттардың әр түрлі топтары үшін, шикізаттың жеткіліксіз сақталуына байланысты экстракия тиімділігі кейбір жағдайларда 40-50%-ға жетеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты шикізаттың тапшы түрлерін ұлпа мәдиниеті аркылы алудың тиімді әдістерін жасау және фитопрепараттардың жаңа технологияларын жасау - өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселе болып табылады, оның шешімі фармацевтикалық технологияның дамуына ықпал етіп денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттардың өндірісін ұлғайту . Дәрілік өсімдік шикізатының биологиялык белсенді заттарын алудың тиімді және ұтымды технологияларын анықтау. Өсімдік шикізатының биологиялык белесенді заттарын алу әдістерін зерттеуге бағытталған мақала. Осы баяндаманы жазу үшін 73 мақала карастырылды.Оның ішінде 14 маңызды емес құжаттар кері қайтарылды. Осы шолудың негізінде еріткіш пен экстракция дәрілік өсімдіктердің белсенді компоненттерін алудың ең көп тараған әдісі болып табылады . Ал ферментивті гидролиз және суперкритикалық экстракция жоғары шығымдылығымен озық әдісі болып есептеледі. Өткізілген зерттеулер биологиялық белсенді заттарды алу үшін дәрілік өсімдік шикізатын әзірлеудің ең перспитивалық әдісін аықтауға мүмкіндік берді
Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Тауықтарға арналған азық қоспасының бөлігі ретінде Artemiasalina жемдік қоспасын қолданудың тиімділігі
Аңдатпа: Аналық малды және одан да маңыздысы, оны өсіру кезеңінде ұтымды және дұрыс азықтандыру байқалса ғана, құстың генетикалық әлеуетінің дамуы, сондай-ақ жинау немесе одан әрі инкубациялау үшін жоғары сапалы жұмыртқалар алу мүмкін болады. Бұл кезеңде жоғары сапалы ақуызды қоректену маңызды орын алады, бұл құстың өнімділік деңгейін, тұрақты өсуін, ұрпақты болу қабілетін, сондай-ақ азықтандыру кезеңінде денсаулық жағдайын анықтайды. Негізгі қызметі сүтті және етті малдарды өсіруге бағытталған ауыл шаруашылығы жерлері үшін белок тапшылығы әрқашан өзекті мәселе болып қала береді. Осыған байланысты дәстүрлі емес протеиндік жемдерді пайдалануды іздеу бойынша зерттеулер қажет. Құстарды нәруыздық және аминқышқылды қоректену саласындағы қазіргі жетістері және оның түрлі ерекшеліктерін ескере отырып қорытындылайтын болсақ, өнеркәсіптік өндірісте азықтық қоспаларды ала отырып ең тиімді жолын табуға болады. Сипатталған зерттеулерге сүйене отырып жұмыртқа-ет бағытындағы тауықтардың рационында шаянтәрізділерден Artemiasalina жемдік қоспасын қолдану мүмкіндігін, оңтайлы дозасын тәжірибелік негіздеу мен тиімділігін зерттеуге бағытталған. Негізгі мақсаты – өнімділігінің жұмыртқа-ет бағытындағы тауықтардың рационында шаян тәрізділерден Artemia salina жемдік қоспасын қолдану мүмкіндігін, оптималды дозасын тәжірибелік негіздеу және тиімділігін зерттеу. Мақаланы жазу барысында қолданыланған әдістер: теориялық ақпаратты талдау және жалпылау. Бұл мақалада теориялық материалды талдау және жалпылау нәтижелері берілген. Теориялық маңыздылығы оның өзекті мәселелерді шешуге, отандық құс өнімдерінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға тікелей байланысты ғылыми-практикалық мәселелерге инвестициялануымен анықталады.
Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)