Жас балаларға арналған қазақстандық балалар тағамы нарығында импорттық ақуыз өнімдері басым, бірақ Қазақстанда балаларға арналған отандық ақуыз өнімдерін өндіруге арналған отандық шикізат бар. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған өнімдердің күнделікті тамақ құрамы жиынтығында ақуыз – 45-77 г, май – 45-80 г, көмірсулар – 160-335 г, калория – 1300-2300 г дейін болуы керек. Балалардың дене салмағының 1 кг шаққанда ақуыздың тәуліктік қажеттілігі 3-4 г құрайды. Жануарлар ақуызы жас балаларда 65-70 % болуы тиіс. Тағамда ақуыздың жетіспеушілігі кезінде балалардың өсуі тежеледі, ақыл-ойының дамуы артта қалады, сүйек тінінің құрамы өзгереді, ауруларға төзімділік және ішкі секреция бездерінің белсенділігі төмендейді. Құс етіндегі, оның ішінде күркетауықтағы жануар ақуызының мөлшері 20-21 %-ға дейін жетеді. Тамақтану рационында құс етінің балалар ағзасына оң әсер етуіне байланысты Қазақстанда табиғи қоспалары бар күркетауық етінен жасалған отандық балалар консервілерін өндіру қажеттілігі туындайды. Зерттеу барысында жас құс етінің функционалдық және технологиялық қасиеттері тұрақты ақуыз эмульсияларын түзу қабілеті зерттелді, Павлодар облысында өсірілетін жас құс етінен негізгі рецепт ингредиенттері санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес балалар тағамы мен жануар және өсімдік текті табиғи қоспалардың қауіпсіздігі бойынша: дәнді дақылдарды, майлы тұқымдарды, Lamiaceae тұқымдасының татымды шөптерін қайта өңдеу өнімдері, құрғақ сүтті өңдеу өнімдері таңдалды, формулалар, технологиялық параметрлер, өндіру әдістері әзірленді, балалар консервілерінің тәжірибелік үлгілерінің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша стандартты талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
1(85)
Түйінді сөздер: балалар консервілері, құс еті, күркетауық еті, гомогенизация, езбе, биокорректорлар, балалар тағамы