Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

IT технологиялар саласындағы инклюзивті білім берудің әдістемелік аспектілері

Аңдатпа:

Қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру мәселесі өзекті және тиісті назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының біріне айналуда. Білім туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру үрдісінің әрбір субъектісінің зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтар үшін сапалы білім алуға тең құқылы кепілдік беріледі. Мақала инклюзивті білім берудің дамуын талдауға арналған. Автор инклюзивті білім беруді енгізу жолындағы мәселелерді қарастырды, инклюзивті білім беру шеңберінде IT-мектепті өткізу тәжірибесіне талдау жасады. Сондай-ақ, мақалада қазіргі білім беру кеңістігіне инклюзивті білім беру әдістерін сәтті енгізуге ықпал ететін факторларды анықтауға тырысады. Мақсаты: Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін қарау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесін ұсыну, отандық білім беру жүйесіне инклюзивті оқытуды енгізу жолындағы мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын ұсыну.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)