Аңдатпа:
Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саясатының жалпы
мемлекеттік мәселелерін шешумен тікелей байланысты, яғни әлемдегі жаһандану және аймақтық
процестерге, сондай-ақ оны өңірлерде және ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы
мемлекеттерде іске асыру тәжірибесіне сүйену көзделген. Сондай-ақ, ұлттық және ортақ мүдделерді
ескере отырып, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан әлеуметтік саясаты мен еңбек
әлеуетін салыстырмалы түрде қарау маңызды фактор болып табылады. Біздің елімізде қазіргі кезеңде
Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. № 2 ISSN 1729-536X 51
заңсыз еңбек көші-қоны мен адам саудасы проблемаларына ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат -әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін одан әрі дамытуға және
құқықтық ғылымның перспективалық және әлеуметтік, интеграциялық саясаттың маңызды бағыты
ретінде еңбек құқықтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік құбылыс ретінде адам саудасы мен еңбек көші-қонын зерттеу және
қарау өте маңызды. Онымен күресудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ заңнаманы, осы
әлеуметтік құбылысқа қарсы іс-қимыл стратегиясын жетілдіру.
Журналдың шыққан жылы:
2020
Журнал нөмірі:
2(78)
Тақырып: Құқық
Түйінді сөздер: адам саудасы, еңбекті қанау, заңсыз көші-қон, Еуразиялық Экономикалық Одақ, мәжбүрлі еңбек