Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Қазақстанның демографиялық жүйелері және олардың ерекшеліктері
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстанның демократиялық саясатының теоретикалық аспектілерінің ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайының талдауы мен мәселелеріде зерттелген. Бұл мақалада демографиялық саясатының міндеттері және мемлекеттегі демографиялық жағдайдын жақсаруына әсер ететін жолдар ашылады. Демографияның тенденцияларын ескере отырып, жаңаша әдіс қолдану жағы тағы бар. Теоретикалық талдауларга әсер ететін жолдар ашылады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шаралары
Аңдатпа: Мақалада, еліміздің тұрақтылығын дамытуға мақсатталған Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Көптеген моноқалаларындың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымсыз тенденциялары орын алып жатқасын тақырып өзекті болып табылады. Авторлар «моноқала» ұғымының түсініктемесін дәлелдей отырып, олардың топтастырмасын шығарған және сипаттамасын қарастырған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қарастырып бекіткен моноқалаларын дамыту бағдарламасы және мұндағы негізгі ұғымдар мен элементтер қарастырылған. Моноқалаларын экономикаға диверсификациялау құралдары, оларды моноқаллардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатында қолдануы қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Павлодар қ. көліктік инфрақұрылымның заманауи жағдайы
Аңдатпа: Қалалық көліктік инфрақұрылым қаланың жоспарлы құрылымында логикалық жалғасы бола тұражәне керісінше сыртқы көліктік коммуникациялармен тығыз байланысты. Замануи қаланың көліктік кешеніне: ішкі көліктік қатынастар, сыртқы көліктік қатынастар, жүк тасымалы көліктері, арнайы көліктер, сонымен қатар оның құрылымдығын қамтамасыз ететін түрлі қызметтер мен бөлімшелер кіреді. Адамның қалада жайлы жағдайда өмір сүруінің ең маңызды шарттарының бірі дамыған көліктік инфрақүрылымның болуы табылады. Қаланың көшелі-жол желісі көшелер мен жолдардың қызметтік тіркелуі, көліктік және жаяу жүру қозғалысының интенсивтілігі, аймақтың сәулеттік-жоспарлы ұйымы мен құрылыс сипаты аясында жоспарланған. Жергілікті билік органдары қаланың көліктік жүйесін жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмысын жүргізіп келеді.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)
Аңдатпа: Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген. Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстан Республикасы салауатты өмір салтын қалыптастырдың қазіргі жай-күйі және талдауы (Акмола облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мысалында)
Аңдатпа: Берілген мақалада салауатты өмір салты ұлттық орталығының қызметі қарастырылып, азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және ынталандыру, профилактикалық және қалпына келтіру медицинасын дамытуға бағыттылған. Жұмыста үкімет деңгейіндегі денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің рөлі, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын іске асыру және мониторингі қамтамасыз етіп, оның ішінде денсаулық сақтау саласы көрсетілген. Әлеуметтік маңызды ауруларды және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін тиімді жүйесін құруп алдын ала елде индикаторлар белгіленді.Салауатты өмір салты орталықтарының кейбір акциялары практикалық сипатын көрсетіп, мамандар жұртқка консультациялық-практикалық көмек көрсетеді. Еліміздің және өңірлерде денсаулық сақтау жүйесінің негізгі және жалпы мақсаты- бұл халықтың денсаулығын нығайту, олардың әл-ауқатын арттыру, жауапкершілікпен дағдыларды қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен жақсартуға бағытталған, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың басқару үрдістері
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру, соның ішінде жоғары білім беру жүйесінің дамуына жаһандық үрдістері талқыланады. Сондай-ақ олар қарастырылады және процестер болып табылады. Талданатын инновациялық бағытқа негізделген дамудың постиндустриялық кезеңде, көшу анықталады. Мемлекет инновациялық қызметінің бір бөлігі ретінде, оның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін келешегін айқындайтын стратегиялық фактор ретінде зияткерлік капитал саналады. Мұның барлығы тиімді ресурстарын басқару жөніндегі іс-шаралар әзірлеуді көздейді.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы экономикалық қайта құру түпкілікті мақсатына жетудің факторы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада өмір сүру сапасының түсінігі басымдық ретінде және мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық даму бағыттының бірі ретінде қарастырылған. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы және оның әлеуметтік қорғалуы, агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасының жай-күйі және ауылдық аумақтарды дамытуы анықталған. Ауылдық аумақтардың мәселелері ауылдық округ мысалында қарастырылған. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық қажетті шарттар жасалған. Ауыл халқының өмір сапасы өсу үшін мемлекеттік аграрлық саясатты түзету қажет, сондай-ақ мемлекет және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру керек.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Ауылдық аумақтардың саяси дамуын қалыптастыру мәселелері (Павлодар облысы Шарбақты ауданы материалдарында)
Аңдатпа: Осы мақалада Павлодар облысы Шарбақты ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарастырылған. Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының басым бағыты болып табылады. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша деректер ұсынылған. SWOT-талдауда өңірдің даму әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы, аудан дамуының оң және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері көрсетілген. Ауданды дамыту үшін туристік кластердің мәні белгіленген және ауылдық аумақтарды дамыту үшін стратегиялық бағдарламаның қажеттілігі айқындалған.
Автор: Б.Ж. Ибраев
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Орам өнімді бөлу жүйесінде тауарды қозғалтуды ұйымдастырудың маңызды құрамдауышы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада «орам» сөзінің мағынасы талданып, оларға жақындаудың жүйеленуі орындалып, жүгіну үрдісіндегі орама рөлі анықталған. Зерттеу нәтижелері бойынша ораманы құрастырудың қолданыстағы ережелерін сыни талдау негізінде тек өндірушілердің (құрастырушылар мен дизайнерлер) ғана емес, сонымен қатар маркетологтардың жұмысын біріктіретін жеке әдістемелік құрылғылар ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

«Жасыл» экономикаға өтудегі шетелдік тәжірибе
Аңдатпа: Әлемдік шаруашылықтың тұрақты өсу үлгісіне өтуі мақсатында «жасыл» экономика принциптері оның алдында жүзеге асқан құрылымдық реформаларға шоғырлануы тиіс. «Жасыл» экономиканы қалыптастыратын төрт негізгі бағыттарды ерекше атап өтуге болады. Осыларға байланысты құрылымдық реформалар экономикалық өсімнің қозғалтқышы ретінде қызмет атқара алады. Жасыл экономикаға өтуде осы жерде талданатын құрылымдық реформаларың маңызды элементі саналатын, тұрақты даму мен жаңғыруды қамтамасыз етуде басты ұғымға ие заманауи инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Бүкіл әлем елдері «жасыл» экономикаға өз жылдамдықтарында және ұлттық даму аясындағы міндеттер мен басымдық контекстерінде алға жылжығандарын көрсететін бастамалар ұлттық деңгейде белгіленіп келеді. Әлемнің көптеген елдері соңғы уақытта дәстүрлі үлгіден өту мақсатында қоршаған ортаны қорғау жүктеме болып саналатын, экология даму қозғалтқышы, яғни «жасыл» экономика болатын өздерінің экологиялық саясатын іске қосты.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)