Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Көненің көзі - дананың сөзі
Аңдатпа: Мақал-мәтел дегеніміз - халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз. Мақал менен мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі: ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арқасы, өмір-тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы Мақал-мәтелдерді дана бабаларымыздан қалған аталар сөзі десе де болады. Демек, бұл - ұлт даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш-бояуын солғындатпай, мән-мағынасын бәсеңдетпей, көркемдігі мен бейнелілігін жоғалтпай, тұтас жеткізіп отырған ана тіліміздің құдіретті күші. Бұл - даналықтың бір бұлағы тіл деген сөз.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Қазақстандағы шетелдіктердің коммуникативтік бейімделуін анықтау құралы ретіндегі психолингвистикалық эксперимент
Аңдатпа: негізінде Қазақстандағы шетелдіктердің коммуникативтік бейімделуінің дәрежесін айқындау мәселелері қарастырылады. Эксперимент жүргізу барысы - дайындық, тәжірибені іске асыру және алынған қорытындыларын талдау кезеңдері сипатталған. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы әрбір шетелдіктің бейімделу дәрежесі туралы қорытынды шығарылды
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Халық ауыз әдебиеті – тал бесіктің тірегі
Аңдатпа: Мақалада халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинастырылып, қазіргі уақыттың талабына сай олардың адамға қатысты мәселелерді шешудегі рөлі қарастырылған. Жаңа ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің жетілуіне жағдай туғызу қажет. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындатып, құлағына құйып өсіру алға қойылады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Табиғи балдың микробқа қарсы әсер етуі
Аңдатпа: Ұсынылып отырған мақала емдік-алдын алу қасиеттерін анықтау мақсатында грамм оң бактерияларға табиғи балдың микробқа қарсы әсер етуі туралы өзекті мәселелер бағытында жазылған. Бұл жағдайлар балдың негізінде сапасы жоғары дәрілік препараттар жасаудың ғылыми- техникалық міндеттерін шешудің медициналық-әлеуметтік мәні мен маңыздылығын, сонымен қатар балды көптеген ауруларды емдеу кезінде алдын алу және дәрілік құрал ретінде ғана емес, сондай-ақ емдік косметикада қолдануды нұсқайды.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Интегро-дифференциалды теңдеуді шешу әдістері
Аңдатпа: Бұл мақала [a,b] кесіндісіндегі y(x) - ізделетін функция, K(x, t) и f(x) - белгілі функцияларымен берілген интегро-дифференциалды теңдеуді шығарушыларға арналған. Теңдеуді шығару үшін осы мақалада алдымен анықтамалар мен теориялар танысуға ұсынылады. Одан кейін интегро- дифференциалды теңдеуді шешу әдістері мен бірнеше есептердің шығару жолдары қарастырылады
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Топырақтың қатуы туралы есептердегі интегралды түрлендіру әдісі
Аңдатпа: Денелерді қыздыру және суыту процесі интегралды түрлендіру әдісі арқылы зерттеледі. Теориялық есептеулер нәтижесінде қоршаған орта температурасына байланысты топырақтың қатып қалу режимі белгілі болды. Лапластың түрленуі құрылыстағы бетон плотиналарының, құрылыс алаңдарының температуралық өрісін анықтау барысында тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Сайттарды құру бойынша оқыту интернет-порталын әзірлеу
Аңдатпа: Мақалада сайттарды құру бойынша авторлық ақпараттық-оқыту жүйесінің талдауы ұсынылған. Бұл жүйе пайдаланушыны web-программалау негіздерімен және WordPress, OpenCart – танымалы басқару жүйелерімен (Content management system CMS) таныстыратын электрондық курсты қамтиды. Сайттар дамытуға дайын жүйені пайдалану сайт дамыту үшін қаржылық және уақыт шығындарын айтарлықтай азайтады, өйткені CMS аясында қажетті функциялардың көпшілігі қазірдің өзінде жүзеге асырылған
Автор: Д.Е. Цапенко
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Pd-ПЭГ/ZnO катализаторының катализдік қасиеттеріне температураның әсері
Аңдатпа: Осы мақалда Pd-ПЭГ/ZnO катализаторында сутектеу реакциясын жүргізудің ең оңтайлы температуралық режимі ұсынылған. Катализаторды жасау мақсатында кейбір шетелдік авторлардың жұмыстары зерттелді, оларды дайындау үшін энергия ресурстарының шығыны шамалы болады, ал катализатордың белсенділігі бұрынғы деңгейде қалады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Электронды оқулықтардың жаңа буынын жоғары мектепте, мұғалімдердің біліктілігін арттыру факультетінде қолдану
Аңдатпа: Мақалада жаңа буын оқулықтарын қолдану арқылы оқыту процесін тиімді басқару үшін оқытушының іс-әрекетінің үлгісін жасау қажеттілігі сипатталады. Құрастырылған үлгі ашық түрде оқыту мақсаттарын, әдістерін, нәтижелерін ескереді. Оның көмегімен білі алушының білім деңгейінің мәселесі шешіледі. Сонымен қатар оның танымдық қызметін басқару проблемасы жойылады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

C# бағдарламалау тілінде интерфейсті жүзеге асырудың екі стратегиясы
Аңдатпа: Мақалада интерфейсті жүзеге асырудың екі стратегиясы сипатталады. Бірінші стратегия класс объектілерінің қосымша қасиеттерін береді. Интерфейстен кейін жүретін және оның әдістерін іске асыратын класс оларды анық жүзеге асыра алады. Іске асырудың басқа стратегиясы әдістің атын интерфейстің атымен анықтап, интерфейстің кейбір әдістерін жабық (private) ету болып табылады.
Автор: Т.М. Салий,
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)