Аңдатпа:
Мақалада зерттелген ет және өсімдік шикізатын ұтымды пайдалана отырып, дәстүрлі органолептикалық сипаттамалары және оңтайлы құрылымдық-механикалық қасиеттері бар, ақуыз-май және аминқышқылдық құрамы бойынша теңдестірілген, тағамдық құндылығы жоғары соңғы өнімі бар жоғары сапалы өнімдер алу - өзекті тақырып болып табылады. .
Адекватты тамақтануға қойылатын талап балалар тағамына арналған ет өнімдерінің рецептурасын әзірлеудің негізі болып табылады. Балалар тағамы өнімдерінің рецептурасын таңдаған кезде бала ағзасындағы зат алмасу үрдістерінің жас ерекшеліктерін ескеру керек, бұл ретте бала ағзасының қоректік заттар мен энергияға физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, сонымен қатар биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды ескеру қажет. Балалардың ағзасындағы тағамның ассимиляциясын ескеру керек, тамақты ассимиляциялаудың маңызды шарты - ағзадағы ферменттер мен тағамның химиялық құрамы арасындағы сәйкестік. Бұл ереже тағамды ассимиляциялаудың барлық кезеңдерінде сақталуы керек. Бұған ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің, минералдардың теңгерімді қатынасын қамтамасыз ету үшін шикізатты іріктеу және оларды технологиялық өңдеу арқылы қоректік заттардың мақсатты теңдестірілуі арқылы қол жеткізіледі.
Мақаланың мақсаты – ет және өсімдік шикізатын ұтымды пайдалану негізінде балаларға арналған гомогенді консервілердің технологиясын жасау. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерінің физикалық-химиялық және органолептикалық сапа көрсеткіштерін бағалаудың стандартты әдістері қолданылды.
Авторлар балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерін өндіру үшін ет және өсімдік шикізатын таңдау негіздемесін береді. Жаңа консервілердің физика-химиялық және органолептикалық сапа көрсеткіштері зерттелді. Жасымықтың құрылымдық-механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар оның тағамдық және биологиялық құндылығының өзгеруіне консервілеудің технологиялық үрдістердің әсері анықталды. Ет және өсімдік шикізатын гомогенизациялаудың оңтайлы режимі таңдалды және негізделді. Балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерінің композициялық құрамын математикалық модельдеу жүргізілді. Жаңа консервілерді зарарсыздандыру режимдері негізделген. Балалар тағамына арналған дайын ет және көкөніс консервілерінің тағамдық және биологиялық құндылығы есептеліп, сапалық және сандық көрсеткіштері анықталды.
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
4(88)
Түйінді сөздер: балалар гомогенді консервілері, ет және өсімдік шикізаты, жасымық, құс еті, асханалық сәбіз