Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Құқықтық мәдениетті тиімді дамытудың құрамдас бөлігі ретінде білім алу құқығы

Аңдатпа:

Ұсынылған зерттеудің негізгі тезисі жаһанданудың қазіргі жағдайында азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің дамуының маңызды және қажетті шарты болып табылады. Білім алу құқығы әркімге білім, білік, дағды алуды, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді жұмыс істеуіне, ұлттық қауіпсіздікке кепілдік береді, қоғамдағы тұрақтылықты бекітеді және демократиялық, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында білім алу құқығын конституциялық-құқықтық қамтамасыз етудің тұтас тұжырымдамасын әзірлеу және білім алу құқығын реттейтін отандық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Әдістемелік негіз – зерттеу пәнін объективті талдауды қамтамасыз ететін философиялық-дүниетанымдық тәсілдер, принциптер, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер жүйесі. Мақалада әркімнің білім алу құқығын қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі екендігі негізделеді, өйткені бұл білікті еңбек әлеуетін қалыптастыратын, мемлекеттік істерді басқаруды тиімді жүзеге асыра алатын және оның тапсырмаларын орындай алатын кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім. Өз кезегінде, әдетте, тұлғаның білім беру-біліктілік деңгейін арттыру жалақының өсуіне негіз болып табылады, бұл мемлекеттік бюджетке салықтарды аударудың ұлғаюына, оны толтыруға әсер етеді, демек, бұл мемлекет пен тұтастай қоғамның экономикалық өсуіне әкеледі. Мемлекеттегі білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі жұмыссыздықты азайтуға (оқушылар, студенттер жұмыспен қамтылған халық санатына жатады), мемлекеттік институттардың тыныс-тіршілігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік мемлекет құруға және қоғамдағы тұрақтылықты бекітуге ықпал етеді. Бұл мақалада қазіргі халықаралық тәжірибе контекстінде Қазақстан Республикасында білім алу құқығына ғылыми талдауды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Мақалада бірқатар жаңа теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, атап айтқанда: жалпы (адам және азамат құқықтарының барлық санаттарына тән) және арнайы (конституциялық құқықтар жүйесіндегі білім беру құқығының ерекшелігін ашады)білім беру құқығының белгілері жіктеледі; білім беру құқығы принциптерінің тұжырымдамасы мен мазмұны, оның мәні мен дамудың жалпы бағытын анықтайтын негізгі принциптер, идеялар қандай екендігі анықталды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық