Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Қоршаған ортаны қаланың теріс әсерінен қорғаудағы жасыл кеңістіктердің экологиялық рөлі: Павлодар қаласы мысалы ретінде
Аңдатпа: Мақалада қала аумағының қоршаған ортасын теріс әсерлерден қорғаудағы жасыл кеңістіктің экологиялық рөлі қарастырылған. Павлодар қаласының қоршаған ортасына ластаушы заттардың көздері көрсетілген. Антропогендік факторлардың біріккен әсері экологиялық ахуалдың күрт нашарлауына әкелді, әсіресе қалаларда. Қала аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту туралы ұсыныстар айтылды.
Автор: М.М. Поух
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Пробиотиктер мен пребиотиктер функционалдық тамақтанудың негізі ретінде
Аңдатпа: Ұсынылған мақалада асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу мақсатында пробиотиктер мен пребиотиктер бар ашыған сүт өнімдерін қолдану қажеттілігінің негіздемесі берілген. Сондай-ақ, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал ететін пребиотиктері бар функционалды ашыған сүт сусынын дайындау әдісі ұсынылған. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының халқы арасында асқазан-ішек ауруларының кең таралуымен, бұл ішектің қалыпты микрофлорасын дамытуға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ пробиотиктердің кейбір түрлерінің тұрақсыздығымен байланысты, бұл оларды қолданудың тиімділігін төмендетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Екібастұз қ. сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз суға мониторинг жүргізу
Аңдатпа: Мақалада 2016-2018 жж. Екібастұз өңіріндегі зерттеулер негізінде сумен жабдықтау жүйесінің бактериологиялық көрсеткіштері қарастыралды. Нәтижесінде 310 патогендік микрофлора оқиғасы анықталды. Екібастұздың тарату желісінде уытты элементтер мен химиялық көрсеткіштер тазартылған судың құрамында, ауыр металдардың құрамын анықтау бойынша зерттеу нәтижелерін көрсетеді. Су тасқынының маусымы кезінде химиялық элементтердің жоғары концентрациясы және патогендік микрофлораның ең көп саны байқалды. Қысқы және жаз мезгілдерінде су тасқыны кезінде патогендік микрофлора және химиялық элементтер табылды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)