Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Цифрлық ортадағы кəмелетке толмағандардың азаматтық құқық қабілеті мен əрекет қабілеті

Аңдатпа:

Қоғамның цифрлық трансформациясы кəмелетке толмағандардың онлайн кеңістікте белсенді қатысуымен бірге жүреді, бұл азаматтық құқықтық реттеу үшін жаңа сын-қатерлер тудырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кəмелетке толмағандардың құқық қабілеті мен əрекет қабілеті туралы жалпы нормалар болса да, олар цифрлық ортаның нақты жағдайларына бейімделмеген. Атап айтқанда, кəмелетке толмағандардың электронды мəмілелер жасау, олардың жеке деректерін өңдеу, цифрлық платформаларда қатысу жəне желідегі əрекеттері үшін жауапкершілік мəселелері реттелмеген. Арнайы реттеудің жоқтығы құқықтық белгісіздік пен баланың құқықтарының бұзылу қаупін тудырады. Кəмелетке толмағандардың цифрлық ортадағы құқықтық мəртебесін азаматтық құқық қабілеті мен əрекет қабілеті тұрғысынан кешенді талдау жүргізу, негізгі құқықтық қайшылықтар мен олқылықтарды анықтау, сондай-ақ баланың құқықтарын қорғау бойынша халықаралық стандарттарды ескере отырып нормативтік базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеу. Зерттеуде формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық жəне эмпирикалық əдістер, сондай-ақ жүйелік тəсіл қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамасы, сот практикасы жəне Бала құқықтары туралы Конвенция мен ЮНИСЕФ ұсыныстары талданды. Қазақстанның қолданыстағы азаматтық заңнамасы цифрлық құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін, əсіресе кəмелетке толмағандардың қатысуын ескеріп жасалмағаны анықталды. Кəмелетке толмағандардың заңды күшке ие цифрлық əрекеттерін жүзеге асыру шарттары (мысалы, онлайн қызметтерге тіркелу, электронды сатып алулар, цифрлық контент жасау) нақты реттелмеген. Жеке деректерді өңдеуге баланың келісімін манипуляциялау қаупі бар құқық бұзушылықтар анықталды. Кəмелетке толмағандардың цифрлық ортадағы мəртебесін заңнамалық нақтылау жəне балалар мен ата-аналар арасында құқықтық мəдениет пен цифрлық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 3(99)
Тақырып: Құқық