Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қазақстан Республикасында жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде дербес деректерді қорғаудың құқықтық кепілдіктері

Аңдатпа:

Қазақстан Республикасында цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект технологиялары мемлекеттік басқаруда жəне жеке секторда кеңінен қолданылуда. Оларды пайдалану дербес деректерді ауқымды автоматтандырылған өңдеумен байланысты, бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруда қосымша құқықтық тəуекелдер туындатады. Қолданыстағы заңнама алгоритмдік шешім қабылдау мен профилирлеу ерекшеліктерін толық көлемде ескермейді. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде дербес деректерді қорғаудың қолданыстағы құқықтық кепілдіктерін талдау жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бағыттарын айқындау. Зерттеуде нормативтік құқықтық актілерге формалды-құқықтық талдау, жүйелік тəсіл жəне құқықтық модельдеу элементтері қолданылды. Қолданыстағы нормативтік база дербес деректерді қорғаудың негізгі кепілдіктерін қалыптастыратыны анықталды, алайда автоматтандырылған шешім қабылдау мен алгоритмдік өңдеу жағдайында оны нақтылау қажеттілігі негізделді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 1(101)
Тақырып: Құқық