Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қазақстан Республикасының отбасылық-құқықтық қатынастарында бала құқықтарын қорғаудың тиімділігі

Аңдатпа:

Мақала Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту жағдайында отбасылық-құқықтық қатынастарда бала құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерінің тиімділігін зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі отбасылық қолайсыздық, зорлық-зомбылық тəуекелдерінің сақталуымен жəне алдын алу шараларының жеткіліксіз нəтижелілігімен негізделеді. Кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы жүйесінің тиімділік деңгейін айқындау жəне оны жетілдіру бағыттарын анықтау. Зерттеудің əдіснамалық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Баланың құқықтары туралы» Заңын, «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Кодексті, халықаралық шарттарды талдау, сондай-ақ сот жəне əкімшілік практиканы жалпылау құрайды. Жүйелік, салыстырмалы-құқықтық жəне формальды-заңдық талдау əдістері қолданылды. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғаудың соттық, əкімшілік жəне профилактикалық тетіктерін қамтитын кешенді моделі қалыптасқаны анықталды. Зорлық- зомбылық пен буллинг үшін жауапкершілік күшейтілді, Бала құқықтары жөніндегі уəкіл институты дамуда. Сонымен қатар, ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіздігі, ерте профилактиканың əлсіз дамуы жəне кəмелетке толмағандардың өз құқықтарын қорғау тəсілдері туралы ақпараттандырылу деңгейінің төмендігі мəселелері айқындалды. Жүйенің тиімділігін арттыру ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық бағдарламаларды дамыту жəне баланың құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі ортасы ретінде отбасы институтын нығайту арқылы мүмкін болады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 1(101)
Тақырып: Құқық