Осы жұмыста Қазақстанда баламасы жоқ инновациялық ынтымақтастық моделі – «Fast Track» жобасы ұсынылады. Аталған жоба 11-сынып оқушыларына университеттің бірінші курсындағы Математика 1, 2 пəндері мен ағылшын тілін ерте кезеңде меңгеруге мүмкіндік беріп, кейін осы пəндерді жобаны жүзеге асыратын жоғары оқу орнына түсу барысында қайта есептеуді көздейді. Зерттеу жұмысының мақсаты – «Fast Track» жобасын іске асыру тетіктерін талдау жəне білім алушылардың даярлық сапасын арттыру тұрғысынан оның тиімділігін бағалау. Жоба ата- аналардың қолданыстағы білім беру шығындарын қайта бөлу негізінде жүзеге асырылады. Зерттеудің эмпирикалық базасын облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей- интернатының 10–11 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері, лицей директоры жəне жоғары оқу орындарының – Инновациялық Еуразия университеті мен Торайғыров университетінің кəсіптік бағдар беру бөлімдері басшыларымен жүргізілген сұхбаттар, сондай-ақ «Fast Track» жобасын іске асырудың қаржылық-экономикалық көрсеткіштері құрайды. Жобаның тиімділігін кешенді бағалау үшін экономикалық-басқарушылық талдау əдістері қолданылды. Атап айтқанда, жобаның инвестициялық тартымдылығы мен тұрақтылығы таза келтірілген құн көрсеткіші негізінде бағаланды, бұл оның ұзақ мерзімді перспективадағы экономикалық орындылығын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаның негізгі параметрлеріне сезімталдық талдауы жүргізіліп, оның қаржылық нəтижелеріне елеулі ықпал ететін факторлар анықталды.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Қазақ
English
Русский