Балабақшадағы мектепке дейінгі 5–6 жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру

Ключевые слова: коммуникативтік дағды, мектепалды жасы, жағдайлық-іскерлік, қарым-қатынас, балабақша, сюжеттік- рольдік ойын, психологиялық қажеттіліктер.

Аннотация

Бұл мақалада 5–6 жас шамасындағы балаларды балабақша жағдайында коммуникативтік дағдылардың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктері қарастырылады. Авторлар коммуникативтік дағдылардың қалыптасуы кезінде жас шамасындағы балаларда құрдастарымен жағдайлық іскерлік қарым-қатынастағы қажеттілік пайда болатынын белгілейді. Бірлескен ойын әрекеті қарым-қатынастың мазмұны ретінде болады, құрдастарынан құрметтеу мен қадірлеуге деген қажеттілік туындайды. Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуде баладан негізгісі сөйлеу тілі болып табылатын қатынас құралын толыққанды игеруді талап етеді. Баланың күрделенген іс-әрекетінде сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады. Сондай-ақ, қарым-қатынысқа түсе білу өмір сүру кезінде қалыптасады және әлеуметтік тәжірибенің негізі болып табылады.

Открыть полный текст PDF