Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: оқу-тәрбие

Нәтижелер саны: 6


Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқу-тәрбие үдерісіне кіші мектеп оқушыларының бейімделуі
Аңдатпа:

Ұсынылған мақалада дарынды балаларға арналған музыкалық интернаттың жағдайында бірінші сынып оқушыларының бейімделу мәселелері бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттердің талдауы ұсынылған. Автор дарынды балаларға арналған арнайы мектептің қазіргі қажеттіліктеріне және технологияларына, бірінші сынып оқушыларының бейімделу үдерістерін оңтайландыруға арнайы назар аударады.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Бacтaуыш cынып оқушылaрының жeтіcтіктeрін қaлыптacтыру
Аңдатпа:

Мaқaлaдa бacтaуыш мектеп – үздіксіз білім берудің бастапқы сатысы, осы кезеңнің жетістігінен адамның болашағы айқындалатыны баяндалады. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жетістіктерін қалыптастыру – бастауыш мектептің басты проблемасы екені сипатталады. Бастауыш cынып оқушылaрының жeтіcтіктeрі әлеуметтік-педагогикалық проблема тұрғысынан қарастырылады. Оқытудың құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жетістіктерін қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Мектеп жасына дейінгі бала тілін сөйлесім арқылы дамытудағы ойын түрлері мен әдістері
Аңдатпа:

Мақала мектеп жасына дейінгі балаладың тілін дамыту үшін ойын түрлері мен әдістері сипатталады. Авторы балалардың тілін дамуының нәтижелерін Павлодар қаласы № 44 сәбилер бақшасы негізінде жүргізілінген тәжірибиесін ұсынады. Мұнда сюжетті – рөлдік ойындар, драмматизациялық ойындар, интегразиялық, дидактикалық ойындарды қолдананып, бала тілін дамыту жолдарының тиімді жақтарын көрсетеді. Өйткені, ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Балалар сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін, яғни сөзге буынға екпінді дұрыс түсіруге үйретеді. Рөлге бөлініп ойнайтын ойын, баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойынына көп көңіл бөлу керек. Өйткені балала, біздің келешегіміз. Олардың болашағы біздің қолымызда.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Зерттеу іс-әрекеті мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір формасы ретінде
Аңдатпа:

Бұл мақалада мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылатын зерттеу қызметінің мәселесі қарастырылған. Мұғалімнің зерттеу қызметі мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір түрі болып табылады. Қазіргі уақытта мектептер жаңа формациядағы мұғалімдерді, атап айтқанда, мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін меңгере алатын зерттеушілерді қажет етеді. Әрине, бұл жерде осындай мәселе туындайды: білім беру жүйесі үнемі реформалауға ұшырайтын заманауи жағдайларда мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдіруін дамытуға болатындай. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне инновацияны енгізу педагогтың кәсібилігіне қойылатын талаптарды арттырады. Осындай талаптарға мектеп педагогтарының зерттеу жұмыстарын орындауы да жатады. Өкінішке орай, олардың кейбір қиындықтары бар. Олардың бірі – зерттеу қызметі туралы жеткілікті білімнің болмауы, атап айтқанда, қажетті зерттеу біліктерінің, уәждемелерінің қалыптаспауы болуы мүмкін. Сондықтан, біз мұғалім жүйелі түрде зерттеу қызметімен айналысу үшін оған мотивация қажет деп айтамыз. Алайда, бір мотивация тәжірибесі жеткіліксіз, мұғалім зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, зерттеу іс-әрекеттерін меңгеруі тиіс. Өзінің кәсіби қызметінде мұғалім зерттеу қызметі – өзін-өзі жүзеге асыруға жол екенін түсінуі тиіс. Зерттеу жұмысы мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп мұғалімінің зерттеу қызметі кәсіби қызметтің негізгі элементі, педагогикалық шығармашылықтың жетекші өлшемі, оқытушылар мәртебесінің өсу көзі, жауапкершілік, қабілет және талант көрсеткіші, білім алушылардың дамуы, әлеуметтенуі және өзін-өзі анықтауы үшін жағдай болып табылады. Тек мұғалімнен, оның бастамашылығынан, зерттеу қызметімен, шығармашылықпен айналысқысы келетіндіктен ғана мектептегі инновациялық өзгерістердің сәттілігі байланысты. Егер мектеп даму режимінде өмір сүрсе, онда оған зерттеу, тәжірибелік‐эксперименттік жұмыс, шығармашылық ізденіс тән. Тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу қызметі барысында жаңа тәжірибе жасалып, күрделі мәселелерді оңтайлы шешу туады. Мақалада ұсынылған материалды жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз бетімен білім алу және мұғалім портфолиосын құрастыру тақырыбын әзірлеу де пайдаланаалады

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Спорттық ЖОО-да допингке қарсы қамтамасыз ету бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
Аңдатпа:

Студенттерге антидопинг бойынша білім беруді ұйымдастыру «Антидопинг бойынша қамтамасыз ету негіздері» мамандандырылған пәнінің болуын және допингке қарсы тақырыптарды классикалық пәндерге енгізуді көздейді. Студенттердің антидопинг бойынша білім беру салаларында бірқатар құзыреттерді қалыптастыру медициналық-биологиялық цикл пәндерін де, спорттық, педагогикалық және қоғамдық пәндерді де игеру кезінде орын алатын қызметті ұйымдастырудың жаңа интерактивті формаларын қажет етеді. Спортта допингті қолданумен және ұлттың денсаулығымен байланысты салалық мәселелерді саналы түрде қабылдау химия, биохимия, физиология, спорттық медицина туралы білімді қамтамасыз етеді. Мақсаты – спорттық ЖОО-да допингке қарсы қамтамасыз ету бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды зерделеу. Бүгінгі таңда негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті технологияларын қолданумен байланысты. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдануға негізделген оқу процесі барлық қатысушылардың таным процесіне қосылуын ескере отырып ұйымдастырылады. Білім беру қарым- қатынас ортасы құрылады, ол ашықтықпен, қатысушылардың өзара әрекеттесуімен, олардың дәлелдерінің теңдігімен, бірлескен білімнің жинақталуымен, өзара бағалау мүмкіндігімен сипатталады. ИнЕУ студенттерін антидопинг бойынша қамтамасыз ету бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру білім беру бағдарламасында «Антидопинг бойынша қамтамасыз ету негіздері» мамандандырылған пәнінің болуын және антидопинг бойынша білім беру компоненттерін қалыптасқан пәндерге енгізуді көздейді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шет тілінде білім беру барысында қоолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар сипатталады және олардың бастауыш сынып оқушысының әртүрлі құзыреттерінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар ақпараттық-коммуникациялық педагогикалық технологиялардың оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асыруға көмектесетінін, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін, олардың оқу деңгейін ескере отырып, оқытуды дараландыру мен саралауды қамтамасыз ететінін айтады. Қазіргі педагогикалық технологиялар іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын заманауи білім беру технологияларын талдау. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Сондықтан мақалада жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс екендігін дәлелденеді. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сыныптарда шет тілдік білім берудің мақсаты ретінде оқушының жеке басының дамуын (адамгершілік және танымдық) және оның айналасындағы көпмәдениетті және көптілді әлеммен ұтымды, тиімді, заман талабына сай қарым- қатынасқа түсу қабілеттерінің кешенін анықтайды. Сондықтан білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыруы маңызды деп қорытады. Себебі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алған қазіргі кезде оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер білім берудің парадигмасын өзгертті, білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастырды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: