Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шет тілінде білім беру барысында қоолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар сипатталады және олардың бастауыш сынып оқушысының әртүрлі құзыреттерінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар ақпараттық-коммуникациялық педагогикалық технологиялардың оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асыруға көмектесетінін, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін, олардың оқу деңгейін ескере отырып, оқытуды дараландыру мен саралауды қамтамасыз ететінін айтады. Қазіргі педагогикалық технологиялар іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын заманауи білім беру технологияларын талдау. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Сондықтан мақалада жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс екендігін дәлелденеді. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сыныптарда шет тілдік білім берудің мақсаты ретінде оқушының жеке басының дамуын (адамгершілік және танымдық) және оның айналасындағы көпмәдениетті және көптілді әлеммен ұтымды, тиімді, заман талабына сай қарым- қатынасқа түсу қабілеттерінің кешенін анықтайды. Сондықтан білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыруы маңызды деп қорытады. Себебі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алған қазіргі кезде оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер білім берудің парадигмасын өзгертті, білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастырды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: