Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: семантические роли

Нәтижелер саны: 7


Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы
Аңдатпа:

Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары ұсынылған. Пештің футеровкасына термиялық әсер еткен кезде физикалық құбылыстар орын алады, олар термиялық кеңею деп аталады. Жоғары температураларда өзінің сипаттамаларын сақтап қалатын материалдар - отқа төзімді материалдар деп аталады. Термиялық беріктік нақтырақ сипатталған. Беріктік шегін зерттеу үшін ғылыми стенд қолданылған. Тәжірибелер өткізу барысында температура мен қысымды өлшеу әдісі келтірілген. Электролизерлерді футеровкалау үшін отқа төзімді материалдардың сипаттамаларын және өндірістегі нақты жүктемелерді мүмкіндігінше дәлірек білу қажет

Автор: А.А. Асаинов
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)
Аңдатпа:

Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген. Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Металлургия өнеркәсібі қалдықтарынан жез ұнтағын алуды зерттеу
Аңдатпа:

Бұл мақалада мыс ұнтақтарын алу әдістeрі қарастырылған. Мысты алудың нeгізгі әдістeрі сараланды жәнe оның нeгізіндe элeктролиттік мыс өндірісінің өндeлгeн eрітінділeрінeн (қалдықтарынан) зeрттeліп отырған мeталды кeшeнді бөліп алудың мүмкіндіктeрі анықталды.

Автор: E.Р. Ажикeeв
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Lactobacillus тектес бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерделеу және оларды сәйкестендіру
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Бұл мақалада Lactobacillus тектес бактериялардың биохимиялық қасиеттері және оларды өнеркәсіпте, атап айтқанда сүт өндірісінде және биотехнологияда пайдалану жөніндегі өзекті деректер қарастырылған. Lactobacillus тектес микроорганизмдер патогенді микроорганизмдерге қатысты антагонистік белсенділікке ие және иммунтүрлендіруші функцияны орындайды. Лактобациллдер адам денсаулығына оң ықпалын тигізетіндіктен, олар пробиотиктерде белсенді пайдаланылады. Ішек пен пробиотиктердің қалыпты микрофлорасының позитивті әсерлері негізінен бифидо- және лактобактериялармен түсіндіріледі. Пробиотикотерапияда L. acidophilus, L. rhamnosus, L. plantarum, L. fermentum, L. delbrueckii subsp. bulgaricus, L. casei, L. paracasei секілді Lactobacillus тектес бактериялардың әралуан түрлері пайдаланылады. Соңғы жылдары пробиотиктердің – адам мен жануарлардың асқазан-ішек жолындағы микроэкологиялық бұзылыстарды түзету және олардың алдын-алу үшін пайдаланылатын препараттардың биотехнологиясы қарқынды дамып келеді. Лактобациллдер биологиялық қасиеттері туралы жаңа деректер алу, олардың негізінде өсірудің модификацияланған тәсілдемелерінің көмегімен жаңа пробиотикалық препараттар жасау өзекті мәселе болып табылады. Сахаролитикалық белсенділік негізінде сәйкестендірудің классикалық биохимиялық әдісімен алынған, түрді сәйкестендіру жұмысын жүргізуді қиындататын L. acidophilus L. casei, L. rhamnosus, L. paracasei түрлерін анықтау нәтижелері молекулалық-генетикалық әдіспен салыстыруға келеді. L. casei, L. rhamnosus, L. paracasei жағдайында полимеразалық тізбекті реакцияға негізделген сәйкестендірудің заманауи әдістерін жүргізу қажет, себебі олардың биохимиялық қасиеттері ұқсас келеді, бұл жайт түрді сәйкестендіруді күрделендіреді. Молекулалық-генетикалық әдіс классикалық биохимиялық әдістің өзгергіштігін ескере отырып, лактобациллдерді тұқымаралық және түрлік сәйкестендіру үшін құнды толықтыру болып табылады. Мақсаты: Lactobacillus тектес бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерделеу және оларды сәйкестендіру. Әдістер: Lactobacillus тектес микроорганизмдерді биохимиялық сәйкестендіру RapID стандартты биохимиялық тест-стриптерді пайдалану арқылы жүргізілді. Нәтижелерді интерпретациялау ERIC бағдарламалық қамтылымымен жүргізілді. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Lactobacillus тектес бактериялардың таксономиялық және биохимиялық қасиеттері қарастырылып, зерделенді. Зерттелетін микроорганизмдерді биохимиялық сәйкестендіру жүргізілді. L. casei, L. rhamnosus, L. paracasei түрлерінің биохимиялық қасиеттері ұқсас келеді, бұл жайт түрлік сәйкестендіруді жүргізуді қиындатады. B. bifidum, L. acidophilus түрлік дифференциациясы байқалады. Түрлік тиістілікті дәлірек анықтау үшін полимеразалық тізбекті реакцияға және ДНҚ-гендерінің реттілігін секвенирлеуге негізделген заманауи әдістер талап етіледі.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Өсімдік шикізатын алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы
Аңдатпа:

Жалпы фитопрепараттарды жасау технологиясында дәрілік өсімдікке тән биологиялык белсендi заттардың кешенін ауқымды түрде алу ұсынылды. Қолданыстагы фитопрепараттарды прогресивті өнеркәсіпте өндіру технологиялары белсенді заттардың әр түрлі топтары үшін, шикізаттың жеткіліксіз сақталуына байланысты экстракия тиімділігі кейбір жағдайларда 40-50%-ға жетеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты шикізаттың тапшы түрлерін ұлпа мәдиниеті аркылы алудың тиімді әдістерін жасау және фитопрепараттардың жаңа технологияларын жасау - өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселе болып табылады, оның шешімі фармацевтикалық технологияның дамуына ықпал етіп денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттардың өндірісін ұлғайту . Дәрілік өсімдік шикізатының биологиялык белсенді заттарын алудың тиімді және ұтымды технологияларын анықтау. Өсімдік шикізатының биологиялык белесенді заттарын алу әдістерін зерттеуге бағытталған мақала. Осы баяндаманы жазу үшін 73 мақала карастырылды.Оның ішінде 14 маңызды емес құжаттар кері қайтарылды. Осы шолудың негізінде еріткіш пен экстракция дәрілік өсімдіктердің белсенді компоненттерін алудың ең көп тараған әдісі болып табылады . Ал ферментивті гидролиз және суперкритикалық экстракция жоғары шығымдылығымен озық әдісі болып есептеледі. Өткізілген зерттеулер биологиялық белсенді заттарды алу үшін дәрілік өсімдік шикізатын әзірлеудің ең перспитивалық әдісін аықтауға мүмкіндік берді

Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Құрамында өсімдік ақуызы бар компонентті пайдалана отырып, сүзбе массасының жаңа түрін әзірлеу
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: ақуыздардың тағамдық құндылығы ең алдымен маңызды аминқышқылдарының құрамымен сипатталады және сіңімділігімен анықталатыны белгілі. Адам ағзасы жақсы жұмыс істеуі үшін ақуыздар ғана емес, маңызды аминқышқылдарының белгілі бір мөлшері қажет. Себебі олардың біреуінің жетіспеушілігі немесе болмауы денсаулықтың ауыр бұзылуын тудырады. Ақуыздың жетіспеушілігі мәселесі көптеген себептерге байланысты жаһандық болып табылады және оны шешу үшін тағамдық ақуыздың дәстүрлі емес көздері, атап айтқанда өсімдік тектес көздерін пайдалану перспективаларын зерттеу қажет. Мақсаты: осыны ескере отырып, бұл мақала бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ұсынады. Олардың нысандары сүт-өсімдік өнімдері және ноқат ұнынан ақуыз гидролизаты таңдалуы керек. Сонымен қатар, дайын өнімнің жаңа түрінің физика-химиялық және құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін оны өсімдік тектес толтырғыш ретінде қолдану мүмкіндігі анықталды. Бұл зерттеулердің мақсаты – сүт компоненттерімен бірге өсімдік компоненттері қолданылатын функционалды бағыты бар сүт-өсімдік тектес өнімнің жаңа түрін өндірудің технологиялық кезеңдерін анықтау және айқындау. Әдістері: компоненттерді таңдағанда жергілікті аймақта өсірілген шикізатқа артықшылықты берілетінін атап өткенін жөні қоршаған орта. Әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: жаңа сүт-көкөніс сүзбе массасының технологиясын жасау кезінде әрбір технологиялық операцияның оңтайлы режимдері және көкөніс компонентін енгізудің ең мақсатты кезеңі анықталды. Жасалған өнімді өндіріске енгізе отырып, өндіруші қажетті құрал-жабдықтардың болмауы және оны қымбат сатып алу мәселесіне тап болмайды. Ұсынылған технология бойынша ұйымдастырылған өндіріс сүзбе және сүзбе өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындарда бар жабдықтарға барынша бейімделгендіктен, технологиялық қайта жарақтандыруды қажет етпейді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: