Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: тұқымдас

Нәтижелер саны: 5


Нахчван автономды республикасында таралған ASPLENIACEAE NEWM. және PTERIDACEAE REICHENB. тұқымдастарының құрамына кіретін түрлер
Аңдатпа:

Мақалада Нахчыванск АР аумағында папоротниктің кейбір түрлерінің таралуы туралы мәлімет беріледі. Флора аумағында 4 тұқымдас пен 7 тұқымда папоротник бөліміне кіретін өсімдіктердің 10 түрі жинақталатындығы атап өтілді. Бұл бөлімнің тұқымдасынд а Aspleniaceae Newm. екі тұқымда, ал Pteridaceae Reichenb 4 түрде кездестіруге болады. Бір тұқымда екі түр. Мақалада бұл түрлердің маралу аумағы мен маңызы туралы мәлімет беріледі.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағы балықтарының түр-тұқымдық құрамы мен басым түрлерінің қоректенуі
Аңдатпа:

Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағында 2010-2012 жж аралығында балықты аумен аулау нәтижелерінің талдауы келтірілген, олардың негізінде 8 тұқымдасқа жататын балықтардың 26 түрін (16 теңіз балығының, 10 өтпелі және жартылай өтпелі түрін) қамтитын Каспий теңізі Солтүстік Абшерон шығанағының ихтиофаунасы ұсынылды. Әр тұқымдастың жеке түрлерінің таралу сипаты мен саны туралы қысқаша мәліметтер берілген. Солтүстік бағыттағы теңіз балықтары түрлерінің (Alosa braschnikowi kisselewitschi гасанкулинск майшабағы, A.b.sarensis саринск майшабағы) ареалдарын кеңейту тенденциясы белгіленген.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Етқоректілер обасын серологиялық диагностикалау кезінде гетерологиялық препараттарды қолдану мүмкіндігін зерттеу
Аңдатпа:

Paramyxoviridae тұқымдасының morbillivirus тұқымына қызылша, ірі қара обасы, етқоректілер мен ұсақ мүйізді жануарлардың қоздырғыштары кіреді. Жыртқыш обаның қоздырғышы көптеген жағдайларда өліммен аяқталатын аң терісі мен иттердің қауіпті ауруын тудырады. Ауру барлық жерде, соның ішінде Қазақстанда да таралған. Біздің елде аурудың аралас түрі ең көп таралған, ал ең аз таралғаны – тері мен жүйке формалары. Обаның созылмалы ағымы көбінесе жүйке түрінде, субакутты –аралас және ішек, жедел-аурудың тері мен өкпе формаларында байқалады. Етқоректілердің обасын диагностикалауда ветеринарлық мамандар айтарлықтай қиындықтарға тап болады. Осы инфекцияны диагностикалаудың серологиялық әдістері ғылыми-зерттеу мақсатында жасалып, қолданылғанына қарамастан, коммерциялық диагностикалық препараттардың болмауы оларды практикалық ветеринарлардың қолдануына айтарлықтай кедергі келтіреді. Сондықтан, етқоректілердің обасына диагноз негізінен аурудың симптомдық кешені мен эпизоотологиялық және патологиялық зерттеулердің деректері негізінде жасалады, олардың нәтижелері көбінесе етқоректілердің басқа ауруларымен бірдей. Практикалық ветеринарияда қолданылатын етқоректілер обасын зертханалық диагностикалау құралдары мен әдістері саласындағы ғылыми зерттеулер өте қажет. Ет қоректі обаның және ІҚМ обасының вирустары антигендік қатынаста жақын туыстас екендігін ескере отырып, ет қоректі обаның серологиялық диагностикасы үшін ІҚМ обасын диагностикалаудың құралдары мен әдістерін қолдану мүмкіндігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Ірі қара мал обасын диагностикалаудың құралдары мен әдістерін қолдану аурудың барлық кезеңдерінде етқоректілердің обасына диагноз қоюға мүмкіндік береді, оларды қолдану зерттеуге материал сынамалары түскеннен кейін қысқа мерзімде, тіпті аралас вирустық және бактериялық инфекциялар жағдайында да, ауру диагнозын сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді. сонымен қатар етқоректілердің обасын ұқсас аурулардан – парвовирустық энтериттен, жұқпалы гепатиттен және басқалардан ажыратуға мүмкіндік береді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Табиғи хош иісті дәмдеуіш қоспалары бар жемісті көкөніс жартылай фабрикаттарының технологиясын жетілдіру
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, адам өмірімен және оның құрамында витаминдер бар отандық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткіліксіз тұтыну арқылы тұтынылатын тағамның сапалық құрамына, сілтілі минералдар, көмірсулар, өсімдік ақуыздары, пектиндік заттар және белсенді талшықтардың, қоршаған ортаға зиянды факторлардың әсер етуімен байланысты. Жемістер мен көкөністерді өсіру мен өңдеудің сапасын арттыру мәселесі Қазақстан Республикасының азық-түлік тәуелсіздігінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы уақытта Қазақстан Республикасында көкөніс өсіретін ірі шаруашылықтардың үлесі 10 %-ды ғана құрайды. Қазақстанда жеміс-көкөніс дақылдарын өнеркәсіптік өңдеу көлемі мардымсыз. Еліміздегі отандық жеміс-көкөніс өнімдеріне деген сұранысты тек 35-40 % қанағаттандырады, оның көп бөлігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай сияқты елдерден импортталады. Қазақстанда органикалық көкөніс өсіруді дамыту және адам ағзасынан улы заттар мен радиоактивті элементтерді байланыстырып, алып тастай алатын пайдалы және белсенді заттардың жеткілікті мөлшері бар отандық жеміс-көкөніс өнімдерінің жаңа түрлерін құру қажет. Мақсаты: жемістер мен көкөністердің табиғи дәмдеуіштері мен хош иісті қоспалары бар жартылай фабрикаттарының технологиясын жетілдіру, көкөніс қоспаларының көп компонентті рецептурасын және жоғары сапалық көрсеткіштері бар тез мұздатылған көкөніс қоспаларын өндіру әдісін әзірлеу. Әдістері: Зерттеу нысаны ретінде тез мұздатуға бейімделген қырыққабат, қолшатыр, түнгі және бұршақ дақылдарының ботаникалық тұқымдас көкөністерінің үлгілері, сондай – ақ Яснотков және имбирь тұқымдас хош иісті шөптері таңдалды. Сапа көрсеткіштерін анықтау үшін әдеттегі әдістер қолданылды. Нәтижелер және олардың маңызы: Бұл зерттеулер биогендік қосылыстардың құрамына көкөністер мен хош иісті өсімдіктердің химиялық құрамы, сондай-ақ функционалдық және технологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған: көмірсулар, белоктар, витаминдер, эфир майлары, минералдар және басқа заттар. Өсімдік тіндерінің және ылғалдың, құрғақ заттардың, талшықтардың, моно- және дисахаридтердің, пектинді заттардың құрылымы зерттелді, С витаминінің массалық үлесі анықталды, ассортименттегі көкөніс қоспаларын өндірудің рецептурасы мен технологиясы жасалды, сапа көрсеткіштері анықталды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Биокорректорлары бар күркетауық етінен балаларға арналған консервілерді өндіру әдісі
Аңдатпа:

Жас балаларға арналған қазақстандық балалар тағамы нарығында импорттық ақуыз өнімдері басым, бірақ Қазақстанда балаларға арналған отандық ақуыз өнімдерін өндіруге арналған отандық шикізат бар. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған өнімдердің күнделікті тамақ құрамы жиынтығында ақуыз – 45-77 г, май – 45-80 г, көмірсулар – 160-335 г, калория – 1300-2300 г дейін болуы керек. Балалардың дене салмағының 1 кг шаққанда ақуыздың тәуліктік қажеттілігі 3-4 г құрайды. Жануарлар ақуызы жас балаларда 65-70 % болуы тиіс. Тағамда ақуыздың жетіспеушілігі кезінде балалардың өсуі тежеледі, ақыл-ойының дамуы артта қалады, сүйек тінінің құрамы өзгереді, ауруларға төзімділік және ішкі секреция бездерінің белсенділігі төмендейді. Құс етіндегі, оның ішінде күркетауықтағы жануар ақуызының мөлшері 20-21 %-ға дейін жетеді. Тамақтану рационында құс етінің балалар ағзасына оң әсер етуіне байланысты Қазақстанда табиғи қоспалары бар күркетауық етінен жасалған отандық балалар консервілерін өндіру қажеттілігі туындайды. Зерттеу барысында жас құс етінің функционалдық және технологиялық қасиеттері тұрақты ақуыз эмульсияларын түзу қабілеті зерттелді, Павлодар облысында өсірілетін жас құс етінен негізгі рецепт ингредиенттері санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес балалар тағамы мен жануар және өсімдік текті табиғи қоспалардың қауіпсіздігі бойынша: дәнді дақылдарды, майлы тұқымдарды, Lamiaceae тұқымдасының татымды шөптерін қайта өңдеу өнімдері, құрғақ сүтті өңдеу өнімдері таңдалды, формулалар, технологиялық параметрлер, өндіру әдістері әзірленді, балалар консервілерінің тәжірибелік үлгілерінің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша стандартты талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)