Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сүтті бағыттағы сиырлардың бедеулігін алдын алу сызбасының экономикалық тиімділігі

Аңдатпа:

Негізгі проблема: Жұмыс гинекологиялық патология кезінде жануарларды алдын алудың этиопатогенетикалық принциптерін анықтау және теориялық негіздеме беруге арналған. Сонымен қатар, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жетілдіру, қазіргі мал шаруашылығы жағдайында жануарларды өсіп-өну қабілетін арттыру және сиырлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, кешенді және гомеопатиялық емдеуді қолдана отырып, сиырлардың ұрықтандырылуын арттыру тәсілдерін әзірлеу жұмыстын басты міндеті болып табылады. Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмысы 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ветеринариялық медицина кафедрасында, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» зертханасында, Львов атындағы ветеринарлық медицина және биотехнология ұлттық университетінде және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының «Камышинское» шаруа қожалығында орындалды. Әдіс-тәсілдер: Сиырлардың ұрықтануын арттыру үшін жануарлардың 3 тобы алынды: І-ші топтағы жануарлар ынталандыруға ұшырамайды; ІІ-ші топтағы жануарлар ұрықтандыруға 1-3 сағат қалғанда 3 мл сурфагон (15 мкг), 15 мл катозал, 15 мл габивит-Se, ұрықтандыруға 10-15 минут қалғанда 10 мл утеротон, ұрықтандырудан 8 күннен кейін прогестерон 2,5% 2 мл, катозал 15 мл, габивит-Se 15 мл егілді; ІІІ-ші топтағы сиырларға ұрықтандыруға 30-60 минут қалғанда 5 мл овариовит егілді, ұрықтандырғаннан кейін 25-30-күні овариовит және 5 мл-ден лиарсин инъекциялары егілді. Нәтижесінде кешенді және гомеопатиялық препараттар негізіндегі алдын алу сызбалары төмен шығындарды көрсетті. Нәтижелер және олардың маңызы: Алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында сауын сиыр шаруашылығында гинекологиялық патологияға және сиырлардың бедеулігіне әкелетін басты этиологиялық факторлар туралы жаңа ғылыми деректер алынды. Осы өңірдің сүт шаруашылығы жағдайында сиырлардың бедеулігін алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсарту және ұрықтануының жоғарылауын ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Гормоналды, гомеопатиялық және басқа да препараттарды пайдалана отырып, ұрықтануын жоғарылауын ынталандырудың жаңа сызбалары сыналды. Нәтижесінде сиырлардың төлдеу қабілеттілігінің жоғарылауы анықталып, ынталандыру сызбалары өндіріске енгізілді. Бірінші рет "Камышинское" шаруа қожалығында сиырлар бедеулігінен келетін шығынға экономикалық баға берілді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)