Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Ақсу ферроқорытпа зауытының маңында кездесетін шөптесін өсімдіктердің ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарын зерттеу

Аңдатпа:

Павлодар қаласы сияқты ірі өндіріс нысандарына жақын орналасқан өсімдіктердің техногендік «метаморфозасы» өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарындыларының әсерінен химиялық, сондай-ақ шаруашылық қызметке байланысты механикалық факторлардың әсер етуінің салдары болып табылады. Әр түрлі аймақтардағы өсімдіктерге техногендік факторлардың әсері бірдей емес және аймақтың экономикалық даму басымдықтарына байланысты, бірақ кез-келген жағдайда мұндай әсердің нәтижесі құрылымның бұзылуымен, флористикалық әртүрліліктің төмендеуімен және қауымдастықтардың өнімділігімен бірге өсімдіктердің өзгеруі болып табылады. Бұл өз кезегінде шөптесін өсімдіктерді патогендік саңырауқұлақтармен жұқтыруға әкелуі мүмкін, олар теріс процестерді тудырады: өсімдіктердің өсу қарқындылығының төмендеуі, олардың сәндік қасиеттерінің нашарлауы, биологиялық түрлердің өмір сүруі төмендейді. Мақаланың мақсаты – фитопатогендік аурулардың қоздырғыш саңырауқұлақтарының түрлерін зерттеу, сондай-ақ «Ақсу ферроқорытпа зауытынан» (АФҚ) қарқынды-теріс техногендік әсер ететін өсімдік компонентінің өзгеру дәрежесін анықтау. Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін хромды, кремнийлі және марганец қорытпаларын өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорынның бірі – «Ақсу ферроқорытпа зауытының» (АФЗ) жанында өсетін фитопатогенді аурулардың қоздырғыш саңырауқұлақтарын анықтау үшін Artemisia dracunculus L; Artemesia vulgaris L; Atriplex fera L; Atriplex patula L; Artemisia annua L тектес өсімдіктердің үлгілері жиналды. Бұл зерттеуде «Ақсу ферроқорытпа зауыты» өнеркәсіптік аймағының маңында кездесетін шөптесін өсімдіктердің ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарының құрамы қарастырылды. Эксперименттік зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 1 қатарға, 1 туысқа, 4 түрге жататын шөптесін өсімдіктердің фитопатогендік саңырауқұлақтары табылды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: