Пробиотиктер мен пребиотиктер функционалдық тамақтанудың негізі ретінде

Түйінді сөздер: бифидобактериялар, дисбактериоз, иммундық жүйе, қышқыл сүт өнімдері, қалыпты микрофлоралар, пробиотиктер, пребиотиктер, алдын алу, ағзаның резистенттілігі, функционалдық тамақтану

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу мақсатында
пробиотиктер мен пребиотиктер бар ашыған сүт өнімдерін қолдану қажеттілігінің негіздемесі
берілген. Сондай-ақ, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал ететін пребиотиктері бар
функционалды ашыған сүт сусынын дайындау әдісі ұсынылған. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан
Республикасының халқы арасында асқазан-ішек ауруларының кең таралуымен, бұл ішектің қалыпты
микрофлорасын дамытуға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ
пробиотиктердің кейбір түрлерінің тұрақсыздығымен байланысты, бұл оларды қолданудың тиімділігін
төмендетеді.

PDF толық мәтінін ашу