Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Успен ауданының ШОБ дамуын мемлекеттік қолдауды талдау
Аңдатпа: Осы жұмыста қазіргі кезеңде Успена уданының шағын және орта бизнесін дамытуды мемлекеттік қолдауына талдау жүргізілді. Ауылдық жерлерде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауданның ШОБ субъектілеріне несие беру көлемі қаралды
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Сауда кәсіпорнының өткізу саясатының тиімділігін бағалау
Аңдатпа: Бұл мақалада өндірушіден тұтынушыға тауар қозғалысына байланысты негізгі және қосымша шығындар қарастырылған. Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайларында сауда кәсіпорны қызметінде оңтайлы тиімділікке қол жеткізу жөніндегі міндеттер анықталды. Зерттелетін кәсіпорынның өткізу нарығының динамикасына талдау жүргізілді. Сауда кәсіпорнының оң және теріс жақтары анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Қазақстандағы әдеби процесс: қазіргі заманғы интерпретация
Аңдатпа: Мақалада Қазақстанның заманауи әдеби процесінің негізгі бағыттары дамуына талдау жасау арқылы эпикалық жанрдағы романдар, повестер, новеллалардың көркем мүмкіндіктерін көрсететін зерттеулерге шолу жүргізілген. Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби ренессанс толқынында жарияланған шығармаларға талдау жасалған. Автор қазіргі заманғы әдебиеттегі философиялық көкжиекпен, архетипикалық символдар және жанрлық трансформацияны қайта талдауларға пайымдау жасайды. Бұл мақалада соңғы екі онжылдықта жарық көрген шығармалардың этникалық ерекшелігін, ұлттық татулық аспектілерін қарастырады. Қазіргі заманғы жеке жұмыстар мен қазіргі сын саласы бойынша циклдарға әдеби және сыни бағалау тұрғысынан шолу жүргізілген. Белгіленген тақырыптық ерекшеліктері, жанрлық «рулық ойлау» типологиялық ерекшеліктері, тарихи прозадағы контекст мәселелері айқындалады. Автор ұлттық болмыстан жасанды түрде ығыстырылған әдебиетті әрі оның ұлттық тарихтың ескірген тұжырымдамасын қайта қарау арқылы танымал тарихи романдардың ұлттық рухтың метафизикасына көрсететін феноменін ашады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Жарнамалық дискурстың ақпараттық және имидждік функциялары
Аңдатпа: Мақала авторлардың сыртқы жарнама ерекшелігін, атап айтқанда, жарнаманың басты міндеттері мен мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін оның негізгі функцияларын зерттеуге негізделген. Авторлар функциялар арасында ең маңыздысы деп, ақпараттық және имидждік функцияларды бөледі. Ақпараттық функция әлеуетті сатып алушыларды және тауарды немесе қызметті ақпараттандырудан және ол туралы ақпараттануды қолдаудан тұрады. Имидждік функция тұтынушылардың санасында жарнамаланатын тауардың немесе қызметтің оң бейнесін бекіту, тұтынушының қолайлы қарым-қатынасын қолдау танымалдығы болып табылады
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Жоғары білім берудегі ресурстарды басқару реформалары
Аңдатпа: Мақалада білім беру жүйесін басқарудың тиімділігі және оның жай-күйі мен даму беталысы туралы қол жетімді барабар ақпаратты талап ететіндігі айтылады. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі халықаралық салыстыру контексінде білім беру жүйесін дамыту көрсеткіштері туралы салыстырмалы деректерді талап етеді. Дүниежүзінің қазіргі экономикалық жүйесінде оның инновациялық бағытқа негізделген дамудың постиндустриалды сатысына өтуін анықтайтын үрдістер талданады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Кәмелетке толмағандар саудасының және баланы ауыстырудың криминалистикалық сипаттамасы
Аңдатпа: Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ал адам құқықтарын қорғау баланың құқықтарын сақтаудан басталады, ол өзінің физикалық және ақыл-ой жетілмеуіне байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қамқорлық қажет етеді. Қазақстан Республикасының 1990-шы жылдардағы терең экономикалық дағдарыспен қатар жүретін нарықтық экономикаға көшуі әлеуметтік құрылымның дәстүрлі салаларына: жұмысқа, отбасына, білім беруге кері әсерін тигізді. Осының салдарынан Қазақстан және ТМД – ның басқа да бірқатар елдері шетел азаматтарының асырап алуы үшін оларды шет мемлекеттерге жеткізетін балаларды экспорттаушы елдерге айналды. Кәмелетке толмағандардың сатылуы болып табылатын шет ел азаматтарының ТМД мемлекеттерінің балаларын асырап алудың көптеген фактілері қорғаншы және қамқоршы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қылмыстық – пайдакүнемдік сипатын жиі куәландырады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Студент – Компьютерлік ойындар – Ағылшын тілі
Аңдатпа: Мақала студенттердің ағылшын тілін өздігінен үйренуіне компьютерлік ойындардың әсер ету ерекшеліктерін анықтауға арналған. Оның ішінде компьютерлік ойындардың қызықты түрлерін атап өтуге болады. Бұл ағылшын тіліндегі белгілі жаттығулар болмаса да, дегенмен тілді меңгеруге зор үлес қосады. Компьютерлік ойындар ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты оятады, ағылшынша сөздерді түсінуге, дұрыс оқуға және сөйлеуге, сондай-ақ, сөздерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері жастардың шет тілін үйренуде кезінде осы әдістің тиімділігін көрсетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Қоршаған ортаны қаланың теріс әсерінен қорғаудағы жасыл кеңістіктердің экологиялық рөлі: Павлодар қаласы мысалы ретінде
Аңдатпа: Мақалада қала аумағының қоршаған ортасын теріс әсерлерден қорғаудағы жасыл кеңістіктің экологиялық рөлі қарастырылған. Павлодар қаласының қоршаған ортасына ластаушы заттардың көздері көрсетілген. Антропогендік факторлардың біріккен әсері экологиялық ахуалдың күрт нашарлауына әкелді, әсіресе қалаларда. Қала аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту туралы ұсыныстар айтылды.
Автор: М.М. Поух
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Пробиотиктер мен пребиотиктер функционалдық тамақтанудың негізі ретінде
Аңдатпа: Ұсынылған мақалада асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу мақсатында пробиотиктер мен пребиотиктер бар ашыған сүт өнімдерін қолдану қажеттілігінің негіздемесі берілген. Сондай-ақ, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал ететін пребиотиктері бар функционалды ашыған сүт сусынын дайындау әдісі ұсынылған. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының халқы арасында асқазан-ішек ауруларының кең таралуымен, бұл ішектің қалыпты микрофлорасын дамытуға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ пробиотиктердің кейбір түрлерінің тұрақсыздығымен байланысты, бұл оларды қолданудың тиімділігін төмендетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Екібастұз қ. сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз суға мониторинг жүргізу
Аңдатпа: Мақалада 2016-2018 жж. Екібастұз өңіріндегі зерттеулер негізінде сумен жабдықтау жүйесінің бактериологиялық көрсеткіштері қарастыралды. Нәтижесінде 310 патогендік микрофлора оқиғасы анықталды. Екібастұздың тарату желісінде уытты элементтер мен химиялық көрсеткіштер тазартылған судың құрамында, ауыр металдардың құрамын анықтау бойынша зерттеу нәтижелерін көрсетеді. Су тасқынының маусымы кезінде химиялық элементтердің жоғары концентрациясы және патогендік микрофлораның ең көп саны байқалды. Қысқы және жаз мезгілдерінде су тасқыны кезінде патогендік микрофлора және химиялық элементтер табылды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)