Аңдатпа:
Қазіргі қоғам діни жəне діни-саяси экстремизмнің күшейіп келе жатқан қатерімен
бетпе-бет келіп отыр. Бұл құбылыс сана радикалдануынан, зорлық-зомбылықтан, мемлекеттің
зайырлы негіздерінің бұзылуынан жəне конфессияаралық шиеленістің артуынан көрініс табуда.
Қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне институционалдық тетіктері болғанына қарамастан,
экстремизмнің трансұлттық сипаты, оны таратушылардың идеологиялық икемділігі жəне діни
қызмет ретінде бүркемеленуі жағдайды күрделендіреді. Əсіресе, діни экстремизм мен діни-
саяси экстремизм ұғымдарының ара-жігін нақты ажырату – алдын алу жəне қарсы əрекет
шараларын тиімді жүргізу үшін маңызды.
Діни жəне діни-саяси экстремизмнің мəні мен ерекшеліктерін ашу, олардың негізгі
белгілері мен пайда болу себептерін анықтау, сондай-ақ мемлекет, қоғам жəне діни ұйымдар
тарапынан күресудің кешенді тəсілдерін ұсыну.
Зерттеу барысында жүйелі, салыстырмалы-құқықтық, социологиялық жəне саяси талдау
əдістері қолданылды. Нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық келісімдер, сарапшылар
пікірлері жəне экстремизм көріністері мен оған қарсы іс-шаралардың нақты елдерде жүзеге
асырылуы талданды.
Діни-саяси экстремизм – діни ұрандармен бүркемеленіп, мемлекеттің конституциялық
құрылымына қауіп төндіретін заңсыз саяси күрестің ерекше түрі екені анықталды. Діни жəне
діни-саяси экстремизмнің айырмашылықтары, оларды араластырудан туындайтын құқықтық
жəне əлеуметтік қауіптер көрсетілді. Заңнаманы жетілдіру, алдын алу жұмыстары мен
ағартушылық қызметті күшейту, сондай-ақ діни көшбасшылар мен азаматтық қоғам
институттарының рөлін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Журналдың шыққан жылы:
2025
Журнал нөмірі:
3(99)
Тақырып: Құқық
Қазақ
English
Русский