Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Емдік-профилактикалық тамақтандыру үшін бүрген шырынын қосумен сарысулы сусынының жаңа түрін әзірлеу
Аңдатпа: Мақалада тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары ашыған сүт өнімдеріне арналған әртүрлі толтырғыштар анықталып, зерттелді,жаңа емдік-профилактикалық тағам өнімдерін әзірлеу үшін қажетті сарысуды өндіру тәсілдері ұсынылған. Техникалық нәтиже өнімнің дәмін жақсарту, қоректік қасиеттерін арттыру, алынған Сарысу сусынына жеміс-жидек қоспаларын шәрбат түрінде енгізу болып табылады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Агроөнеркәсіптік кешеннің қайталама шикізатының биологиялық құндылығын оңтайландыру
Аңдатпа: Ақуыз тапшылығын шешуде маңызды рөл тамақ өнеркәсібінің қайталама шикізатты ұтымды пайдалану болып табылады. Авторлар сүт, ет және өсімдік тектес ақуыздардың оңтайлы тіркесімін тапты. Оңтайландыру өлшемшарты ретінде аминқышқылдық құрамының үйлесімділігіның коэффициенті таңдалды
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Бактериофагтардың ішек ауруларын емдеу және алдын алу мәселесіне
Аңдатпа: Ұсынылып отырған мақалада ауыл шаруашылығы жануарлар мен құстардың ішек жұқпаларының теориялық зерттеу, емдеу және алдын алу шаралары ұсынылған. Тақырыптың өзектілігі – инфекциялардың туындауына және таралуына байланысты, клиникалық медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында ішек жұқпалы ауруларымен және олардың емдеумен негізделген күресі антибиотиктерді тұрақты кеңінен пайдалану антибиотиктердің тиімділігін төмендетеді
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

АҚ «Алюминий Қазақстан» мысалында жұмыс орындарындағы жағдайды жетілдіру бойынша техникалық іс-шараларды ұйымдастыру
Аңдатпа: Мақалада АҚ «Алюминий Казахстан» өнеркәсібіндегі және алаңындағы жұмыс жағдайларының сраптамасының нәтижелері сипатталды. Еңбекті қорғау жүйесіндегі кемшіліктер анықталды. Жұмыс жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттың алдын алу шаралары ұсынылды. Бұл шаралар жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді және кәсіби ауруладрдың қауібін азайтады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Павлодар облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою
Аңдатпа: Жұмыс барысында Павлодар қаласы аумағында болған төтенше жағдайларға талдау жүргізілді. Төтенше жағдайлардың пайда болу санын азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларының кешені ұсынылды. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері көрсетілген
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Былқылдақ көлінің экологиялық жағдайын бағалау
Аңдатпа: Мақалада адамның биологиялық түр ретінде табиғатпен байланысы сипатталады. Бұл байланыс өмір сүру шарттарымен, ауа мен судың сапасымен, қажетті қоректену элементтерімен анықталады. Сонымен қатар, адам денсаулығын және оның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын ағза үшін қолайлы сыртқы орта жағдайларының рөлі көрсетілген
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Сүт зауыттарында сапаны және қауіпсіздікті басқару жүйесін пайдалану
Аңдатпа: Қазіргі уақытта сүт өндіретін кәсіпорындар жоғары сапалы және қауіпсіз өнімдерді өндіру үшін сыни бақылау нүктелерін, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін талдау және бақылау жүйесін пайдаланады. Бұл жүйелер шикізат сатып алудан қауіп-қатерлерді анықтау арқылы өндіріс процесіне және басқа компоненттерге әсер етуі мүмкін факторларды ескереді. Мақсаты – сүт өндірісіндегі сапа және қауіпсіздік менеджмент жүйелерін қолданудың рөлі мен қажеттілігін және өндірістің барлық деңгейлерінде тәуекелдерді азайту
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Торайлар ағзасының иммундық статусын реттеуде Ветом 1.1 ролі
Аңдатпа: Осы мақалда жаңа тұған жануарлар ағзасының дамуына теріс әсер беріп, олардың өнімділігін төмендететін факторлар тұралы мәліметтер берілген. Осындай проблеманың шешу әдісінің бірі – пробиотикалық препараттармен қолдану, осы жағдайда Ветом 1.1 қолдану. Зерттеу әдістері ұсынылған, алынған мәліметтердің сараптамасы жасалған, осыған байланысты шошқа шаруашылығында Ветом 1.1 пробиотикпен қолдану жоғары тиімді деген шешім қабылданды
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Трансформаторлы түрлі басқарылатын шунттаушы реакторларды
Аңдатпа: Энергетикалық жүйенің қосалқы станцияларында қуат беру тәртібін оңтайландыру мақсатымен трансформаторлы түрлі басқарылатын шунттаушы реакторларды қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған. Тәбиғи қуат тәртібін қамтамасыздандыратын және электрлік жүйеде белсенді қуатты жоғалтуды төмендететін күштерді реттеу заңдары анықталып көрсетілген
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты
Аңдатпа: Бұл мақалада жаһанданудың өзектілігі дүниежүзілік процесс ретінде, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының даму үрдістері қарастырылады, жаһандану термині және оның мүмкіндіктері анықталады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)