Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға бейресми қатынастардың ықпалы
Аңдатпа: Мақалада бейресми қатынастардың туындау проблемасы, олардың кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға ықпалы қарастырылады. Бейресми қатынастар немен реттеледі, сондай-ақ өтпелі кезеңнің қазіргі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын уақытылы бейнелейтін бейресми тәжірибелердің пайда болуы зерттелген.
Автор: Н.Б. Рудица
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Америка Құрама Штаттарындағы мектепке дейінгі білім берудің бағасы, қолжетімділігі және дамыту перспективалары
Аңдатпа: Бұл мақалада мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын түсіндіруге және оның баланың қалыптасуына қалай әсер ететінін қарастыруға әрекет жасалады. Америка Құрама Штаттарының әр түрлі аймақтарында балаларды бағып күтудің құны туралы мәліметтер келтіріледі, аз қамтылған, кішкентай балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету қажеттілігі көрсетіледі.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық БАҚ-тың өзгешеліктері
Аңдатпа: Бұл мақалада аймақтық баспасөздің теориялық және практикалық аспектілері, жеткіншектерге арналған БАҚ-тың ерекшеліктері, баспа БАҚ атқаратын қызметтер, сонымен қатар «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында аймақтық жастар бұқаралық ақпарат құралдарын қарқында дамыту қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
Аңдатпа: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған. Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Халық санының өсуін статистикалық талдау
Аңдатпа: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.
Автор: Т.М. Арзаева
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Аудиторлық тәуекелдi бағалаудағы мәселелер және шешу жолдары
Аңдатпа: Осы мақалада аудиторлық тәуекелдің мәні, түрлері, оның компоненттерінің өзара байланысы көрсетілген. компьютерлік ақпараттық жүйелердi тестiлеу кезiнде аудитор тапқан тәуекелдердiң туындау себептері және тәуекелдердi шешу жолдары қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібіндегі «жасыл» экономика тұжырымдамасының аспектілері
Аңдатпа: Беріліп отырған мақалада Қазақстан Республикасының мұнай-химиялық кешені мысалында елдің өнеркәсіптік салаларын дамытудың «жасыл» экономика принциптеріне сәйкестігін бағалау ұсынылған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі «жасыл» аз көміртекті экономика құру қажеттілігінен туындаған. «Жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асыру өнеркәсіптің бір қатар салаларын технологиялық жаңарту үшін маңызды ынталандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібіндегі «жасыл» экономика бығыттарын анықтау бойынша жұмыс атқарылған және өнеркәсіптік өндірістің мұнай-химия саласында «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу бойынша талдау жасалған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Баға жоғары оқу орнындағы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім беру қызметі нарығындағы баға белгілеу жоғары оқу орнының жалпы бәсекелестік стратегиясының ажырамас элементі ретінде қарастырылған, сонымен қатар Павлодар аймағының жоғары оқу орнында қолданылатын баға түрлендіру жүйесіне талдау жүргізілген.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы
Аңдатпа: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі факторлар анықталған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау
Аңдатпа: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі, жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар, сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)