Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Нөмірді таңдаңыз

Тазарту

Нахчван автономды республикасында таралған ASPLENIACEAE NEWM. және PTERIDACEAE REICHENB. тұқымдастарының құрамына кіретін түрлер
Аңдатпа: Мақалада Нахчыванск АР аумағында папоротниктің кейбір түрлерінің таралуы туралы мәлімет беріледі. Флора аумағында 4 тұқымдас пен 7 тұқымда папоротник бөліміне кіретін өсімдіктердің 10 түрі жинақталатындығы атап өтілді. Бұл бөлімнің тұқымдасынд а Aspleniaceae Newm. екі тұқымда, ал Pteridaceae Reichenb 4 түрде кездестіруге болады. Бір тұқымда екі түр. Мақалада бұл түрлердің маралу аумағы мен маңызы туралы мәлімет беріледі.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Химиялық технология есептерін модельдеу
Аңдатпа: Осы жұмыста дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын химиялық технология есептерін шығарудың математикалық әдістері қарастырылған. Аналитикалық та, сандық та тәсіл арқылы бірқатар тәжірибелік есептердің шешімдері табылды.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Нахчван автономды республикасы бауырмен жорғалаушыларының (Reptilia) сирек түрлері
Аңдатпа: Жеке материалдар мен әдеби мәліметтерді талдау негізінде автономды республика аумағындағы бауырмен жорғалаушылардың 9 шағын түрінің мекені анықталды. Табылған түрлердің біреуі тасбақалар (Testudines) тобына, 3-еуі кесірткелер (Sauria) тобына және 5-еуі (Serpentes) тобына жатады. Мақалада бұл түрлердің жіктелімі, экологиялық және кейбір биологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеулер жүргізген жылдарымызда жоғарыда аталған Psammophis lineolatus кездеспеген еді, тіпті оның Нахчыван АР аумағында тіршілік етуінің өзі біз үшін күмәнді.
Автор: А.Ф. Мамедов
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Екі айнымалысы бар симметриялы көпмүшелер
Аңдатпа: Мақалада екі айнымалыдан симметриялы көпмүшелерді шешу әдісі қарастырылған. Бұл мақалада осы үлгідегі бірнеше есеп талданған. Олардың арасында математикалық олимпиадаларда ұсынылған қиын есептер де бар.
Автор: Р.С. Ахметов
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Концептінің мәнді сипаттамаларын зерттеу
Аңдатпа: Мақала этникалық әлем суреттері – тұжырым бірлігінің басты сипатын қарастыруға арналған. Жұмыста мәдени ерекшелікпен белгіленген көп мөлшерлі лингваменталды білім «мазмұнының» аналитикалық сипаттамасы көрсетілген.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Қазіргі саяси метафорадағы сөз мағыналарының ауысым сипаттары
Аңдатпа: Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың семантикалық ерекшеліктері талданады. Автор қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың жасалуындағы тілдік сипаттарды бірнеше мағыналық түрлерге бөліп қарастырады.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Метафораның уәжділігі, сөзжасамдық тәсілмен берілу жолдары
Аңдатпа: Мақалада тіл біліміндегі уәжділік теориясы жайлы сөз қозғалып, метафоралардың сөзжасамдық табиғаты ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданды.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Уильям Теккерейдің “Ярмарка тщеславия” шығармасындағы кейiпкерлер номинациясындағы авторлық стратегия
Аңдатпа: Мақала У. Теккерейдiң “Ярмарка тщеславия” романындағы автордың жалқы есімдерді (антропонимдерді) қолдану стратегиясына арналған. Бұл есімдер автордың өз кейiпкерлерiне деген қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Әзірбайжан тiлiндегi дауыссыз дыбыстардың зерттелуi жайлы
Аңдатпа: Әзірбайжан тiл бiлімінде дауыссыз дыбыстарды зерттеу ХХ ғ. бiрiншi жарты жылдығында басталып, дауыссыз дыбыстардың статистикалық, физиологиялық-акустикалық, фонологиялық талдауына байланысты сұрақтар өз шешiмiн тапты. Осыған орай Б. Чабанзаде, Ф. Казымов, А. Демирчизаде, А. Курбанов, соның iшiнде А.Ахуновтардың зерттеулері ерекше маңызды болып табылады. Әзірбайжан тiлiндегi фонетика және фонология бойынша жұмыстарға талдау жүргізе келе, автор дауыссыздар фонетикасы мәселелері көбірек зерттелген деген қорытынды жасайды.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Ұранның орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі рөлі мен маңызы
Аңдатпа: Мақалада ұранның пайда болу тарихы, орыс, ағылшын және неміс тілдердегі ұранның лингвистикалық құралдары зерттелген, сонымен қатар ұранды құрастыру кезіндегі тілдік бірліктердің жалпы сипаттамасы және айырмашылықтары айқындалған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)