Ғылыми жарияланымдар

Мақалалар мұрағаты

22 мақала
2025№2(98)Ғылыми мақала

Зейін мен есте сақтау білім беру ортасындағы негізгі когнитивтік функциялар ретінде

Б.Д. Каирбекова, А.А. Илюсизова, А.О. Забегалин

Мақалада оқу процесінің стресстік жағдайларында студенттердің есте сақтауы мен зейінінің шоғырлануының нашарлауы мəселесі көрсетілген. Емтихан сессиясы кезіндегі психология студенттерінің зейіні мен есте сақтау деңгейінің диагностикасы. Əдістері – «Шульте сандарының қара-қызыл кестелері» əдістемесі…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Оқушылардың танымдық бағыттылығы ретінде əмбебап оқу əрекеттері

Т.Ж. Шакенова, А.М. Утилова

Негізгі мəселе: Мақалада оқушылардың танымдық бағыттылығын қалыптастырудың негізгі компоненті ретінде əмбебап оқу əрекеттерін (ƏОƏ) талдау мəселесі қарастырылады. ƏОƏ мемлекеттік міндетті білім беру стандартының контекстінде оқушының тұлғалық дамуының, дербестігі мен өмір бойы білім алуға дайын бол…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Аграрлық сектор экономикасы: негізгі аспектілер мен заманауи мəселелер

А.И. Ткачева

Аграрлық сектор экономикасы табиғи-климаттық факторларға тəуелділік, технологиялық жабдықталудың жеткіліксіздігі жəне қаржыландыруға қол жеткізудің шектеулілігі сияқты жүйелі мəселелерге тап болып отыр, бұл тұрақты даму мен өнімділікті арттыруды қиындатады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау жəне ин…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Қазақстан Республикасының микроқаржы секторын дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары

М.Б. Баққожа, А.Б. Зурбаева

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) белсенді дамуына қарамастан, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, жеткіліксіз реттеу, халықтың шамадан тыс берешегінің тəуекелдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен шағын кəсіпкерлер үшін микроқаржы қызметтерінің нашар қолжетімділігі мəселелері шешілмей отыр. Қазақст…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Микроқаржы ұйымдарын жедел басқарудың қазіргі заманғы тенденциялары мен технологиялары

Г.И. Анарбеков, Г.А. Таспенова

Зерттеудің негізгі мəселесі: микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) жылдам өзгеретін цифрлық ортаға бейімделу қажеттілігімен, реттеудің күшеюімен жəне қызмет көрсетудің жылдамдығы мен ашықтығы тұрғысынан клиенттердің күтулерінің өсуімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте оперативті басқару МҚҰ тұрақтылығы мен бəсе…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Ұйымды басқарудағы персоналға еңбекақы төлеу жүйесінің рөлі мен маңызы

А.Ж. Тастекеева, С.Ы. Өмірзақов

Зерттеудің негізгі мəселесі – көптеген ұйымдарда персоналға еңбекақы төлеу жүйесінің стратегиялық менеджменттің заманауи талаптарына сəйкес келмеуі жəне қызметкерлердің қажеттіліктерін, олардың ортақ іске үлес қосу деңгейін жəне ұйымдық мəдениеттің ерекшеліктерін толық есепке алмауында. Еңбек нəтиж…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Жоғары оқу орындары студенттерінің орнықты даму саласындағы құзыреттіліктерін дамыту, жаңа құралдар

С.В. Беспалый, А.А. Капцов, Е.В. Беспалая, Ж.С. Бутенов

Жаһандық климаттық, əлеуметтік жəне экономикалық сын-қатерлер жағдайында орнықты даму мемлекеттік саясат пен білім беруді дамыту стратегияларының ажырамас элементіне айналады. Жоғары мектеп қазіргі заманғы проблемалардың белгісіздігі мен кешенділігі жағдайында мағыналы жəне жауапкершілікпен əрекет …

2025№2(98)Ғылыми мақала

Бизнестің тиімділігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық есеп пен ішкі аудитті жүргізу

Ж.К. Алтайбаева, Л.Д. Ибрагимова, Е.Т. Сабыр

Əлемдік жəне ұлттық экономиканың серпінді дамуы жағдайында кəсіпорын ресурстарын тиімді басқару қажеттілігі артады. Басқару есебі мен ішкі аудит қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, тəуекелдерді азайтуда жəне бизнес-процестердің ашықтығын арттыруда шешуші рөл атқарады. Мақалада бұл құралдарды ен…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын мемлекеттік реттеу

Р.К. Сманов, А.Р. Солтангазинов

Халықтың сыртқа кетуінен, өмір сүру деңгейінің төмендеуінен, инфрақұрылымның жеткіліксіздігінен жəне мемлекет тарапынан əлсіз қолдаудан көрінетін ауылдық аумақтарды дамытудағы теңгерімсіздік аймақтардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық өсуіне кедергі келтіреді. Міндеті: əлеуметтік, экономикалық жəне…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Май бұршақ шаруашылығын дамытуда селекциялық процесті цифрландыру жəне кластерлік талдауды қолдану

Н.Ф. Григорчук, В.А. Артемьева, С.М. Абитаева

Қазақстан жыл сайын май бұршақ егіс көлемін ұлғайтып отырады, бірақ климаттық жағдайға бейімделген сорттардың аздығынан солтүстік жəне шығыс аймақтарда оны өсіру қиын. Жаңа ультра ерте жəне ерте май бұршақ сорттарын жасау үшін ата-аналық формаларды таңдаудың дəстүрлі əдістері айтарлықтай уақыт пен …

2025№2(98)Ғылыми мақала

Егде жастағы адамдарға арналған ет өнімдерінің технологиясында өсімдік компоненттерін қолдану

Ф.Х. Смольникова, А.Д. Мұхаметқали, Б.К. Асенова, Э.К. Окусханова

Егде жастағы халық санының қарқынды өсуі жағдайында денсаулықты сақтауға, жасқа байланысты аурулардың алдын алуға жəне физиологиялық тұрғыдан дұрыс тамақтануды қамтамасыз бағытталған арнайы тағам өнімдерін əзірлеу басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты – жоғары тағамдық жəне б…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы ландшафтарын тұрақты дамытудың негізгі тəсілдері

Ж.Б. Исаева

Негізгі мəселе: Бірнеше онжылдықтар бойы мемлекеттік жер қорына кіретін ауылшаруашылық жерлерінің бір бөлігінде көптеген облыстардың маусымдық жайылымдарының едəуір бөлігінде суару жəне жайылымдық инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, азық-түлік базасын дамытудың қол жеткіз…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Медицинаға жасанды интеллектті (AI) енгізу - мүмкіндіктер мен кедергілер

А. Нуртасова, А. Алканова

Қазақстанның ең басты мəселесі – соңғы технологияларға дайын еместігі. Жасанды интеллектті Қазақстанда медицинаға енгізудің оң жəне теріс жақтары осы санатқа жатады. Олармен жұмысты бастау үшін азаматтардың оларға деген көзқарасын анықтау қажет, əсіресе бұл қоғамдық қызметке қатысты болса. Жұмыстың…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Пластмассаның тұрақты баламалары: қоршаған ортаның ластануын азайту шешімдері

Е.М. Қуанышев, А.Е. Бекбаева

Бір реттік пластиктің ластануы əлемдегі адам денсаулығының, биоəртүрліліктің жəне экожүйелердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді; бұл мəселе Қазақстанның Өскемен қаласында өте өзекті, өйткені онда пластик өнімдер кеңінен қолданылады. Зерттеуде аралас тəсіл қолданылды: күнделікті пластик қолдануды сан…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Азаматтық құқықтағы өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтардың құқықтық мəртебесі ерекшеліктері

П.О. Филатова

Өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтардың заңнамалық мойындалуына қарамастан, олардың азаматтық құқықтағы құқықтық мəртебесі əлі де екіұшты болып қала береді. Олардың қызмет ерекшеліктерін нақты реттейтін құқықтық нормалардың жоқтығы жəне жеткіліксіз реттелуі құқықтар мен міндеттерді белгілеуде, мүд…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Контроль жəне қадағалау органдары мен қоғамдық бақылаудың көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудегі өзара əрекеті

М.А. Баданина

Қазіргі кезде көші-қон саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесі жеткіліксіз тиімді. Көші-қон процестерін реттеуге қатысатын органдар арасындағы өкілеттіктердің нақты бөлінбеуі, бақылау механизмдерінің өзара байланысының əлсіздігі, сондай-ақ нормативтік- құқықтық базаның əлсіздігі осы саладағы қадағал…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Ойлау бейнелеу құралдарын қолдану арқылы оқушылардың метакогнитивтік дағдыларын дамыту

А.А. Ермекова

Метакогнитивті дағдылар-бұл оқушылардың ойлау процестерін білу, Бақылау жəне реттеу қабілеті. Соңғы жылдары зерттеушілер бұл дағдыларды дамытуға ерекше назар аударды, өйткені олар автономды оқытуды, сыни ойлауды жəне академиялық ортада табысқа жетуді қалыптастырудың кілті болып табылады. Зерттеудің…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Психология студенттерінің интеллектуалдық қабілеттерінің даму динамикасы

Б.Д. Каирбекова, А.А. Илюсизова, А.О. Забегалин

Мақалада психология студенттерінің университетте оқу кезіндегі интеллектуалдық қабілеттерінің өзгеруіне сыртқы жəне ішкі факторлардың əсері мəселесі қарастырылған. Мақсаты: психология студенттерінің оқу-тəрбие үрдісіндегі интеллектуалдық қабілеттерінің динамикасының ерекшеліктерін анықтау. «Равенні…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Тіл мəдени шындықты қабылдау жəне түсіндіру құралы ретінде

А.Р. Бейсембаев, Н.Д. Балтабаев

Бұл зерттеу жаһандану мен мəдениетаралық коммуникация жағдайында тілді мəдени шындықты қабылдау мен түсіндіру құралы ретінде қарастыру мəселесін көтереді. Тіл тек коммуникация құралы ғана емес, когнитивтік үлгілер мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыратын мəдени код ретінде түсіндіріледі. Зерттеуд…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Лексикалық бірліктерді этимологиялық талдау номинацияны зерттеу əдісі ретінде

А.Ж.Бахралинова, Д.Б. Байбазарова

Мақалада тілдегі номинацияны зерттеу əдісі ретінде лексикалық бірліктерді этимологиялық талдаудың маңыздылығы қарастырылады. Этимологияның сөздердің дамуына əсер ететін тарихи жəне мəдени қабаттарды ашуға қалай көмектесетіні қарастырылады, сонымен қатар ұлттық бірегейлік пен дүниетанымды зерттеудег…

2025№2(98)Ғылыми мақала

«Өз» жəне «бөтен»: Қазақстан мəдениеттері диалогындағы шекаралар мен көпірлер

А.Ж. Кайрамбаева, З.З. Сидорович

Үйлесімді этносаралық жəне мəдениетаралық байланыстарды орнату мəселесі ерекше өзекті болып отыр. Теңдік, диалог жəне өзара сыйластық қағидаттарына негізделген тұрақты көп бөлімді сəйкестікті қалыптастыруға қабілетті мəдени өзара əрекеттесу тетіктерін қайта қарау қажеттілігі туындайды. Мəдениетарал…

2025№2(98)Ғылыми мақала

Қазақ тіліндегі дискурсивті сөздерді орыс тіліне аударудың прагматикалық аспектілері

С.Н. Кожахметова, В.Д. Нарожная

Бұл жұмыс қазақ тілінен орыс тіліне аударылған кезде дискурсивті сөздерді зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі мəдениетаралық коммуникация мен аударма мəселелеріне, əсіресе Қазақстанның көптілді қоғамы жағдайында қызығушылықтың артуына байланысты, өйткені қазақ жəне орыс тілдері тығыз өзара іс…