Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Қоғамдық ғылымдар


Қазақстан Республикасында жастар саясатының даму үрдiсi
Аңдатпа: Осы мақалада Қазақстан Республикасының жастар саясатының даму үрдісі, дамыту бойынша жұмыстарды тиімді жүргізуді бағалаудың теориялық аспектілері, сонымен қатар аймақтағы жастар саясатының қазіргі ахуалын талдауы қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Этника аралық некелер қоғам тұрақтылығының факторы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада отбасы әлеуметтік тұтастық ретінде, отбасындағы қарым-қатынастар және қоғам дамуындағы оның ролі қарастырылған. Этника аралық некелердің типологиясы мен құрылу факторлары, этника аралық некелердің тенденциялары мен өзіндік ерекшеліктері анықталған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Тюмень облысы ақпараттық инфрақұрылымының қызмет ету факторлары мен жағдайлары
Аңдатпа: Мақалада Тюмень ауданының мысалында ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың ынталандыру және тұрақтандыру факторларының талдауы ұсынылған, сонымен қатар дамыту жағдайлары сипатталған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің кейбір аспектілері туралы және мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктері мен қағидалары, сонымен қатар Оңтүстік Корея мысалында мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Кепілгдегі жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы азаматтық даулардың ерекшеліктері
Аңдатпа: Бұл мақалада кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы банктермен болатын азаматтық даулардың еркешеліктері қарастырылған. Осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесі зерттелген.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік проблемалары: әлеуметтік өлшеу
Аңдатпа: Мақалада Тюмень облысында тұратын 1200 респонденттен сауалнамалық жауап алу негізінде аймаққа Орталық Азия елдерінен келетін мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін, сонымен қатар сарапшылардың жауаптарын екінші рет талдау нәтижелері ұсынылған. Шетелдік азаматтардың келу және кетуін сипаттайтын статистикалық мәліметтер; шете елден қоныс аударғандардың қылмыстылық деңгейі талданады. Қоғамдық пікіртерімнің нәтижелері еңбек миграциясы саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға қатысты қоғамдық пікір сұрастыру статистикасына қарағанда анағұрлым жақсы деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаға бағыттап оқыту қағидасын іске асыру ретінде
Аңдатпа: Мақалада мектептегі білімде қолданылатын негізгі құзыреттер қарастырылған, негізгі құзыреттердің авторлық жіктелімі ұсынылған. Авторлар ынта – тапсырма тұжырымы – ақпарат көзі – есеп түрі сияқты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құырылымын талдаған, орыс тілі бойынша дәстүрлі тапсырмаларды құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларға өзгерту практикалық мысалдармен көрсетілген.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Жас спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар
Аңдатпа: Мақалада спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамытудың алғышарттары мен түрлері қарастырылған. Авторлар спортшылардың жас ерекшелігіне сүйене отырып, тактикалық ойлаумен жұмыс түрлеріне назар аударады.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Балалардың бақылаусыздығы мәселесі
Аңдатпа: Мақалада балалар бақылаусыздығының заңдық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық аспектілері қарастырылған. Автор өскелең ұрпақтың деформациясына ықпал ететін мәселелер кешенін сипаттайды.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Ұйымдардағы бейресми қатынастардың негізі
Аңдатпа: Мақалада ұйым қызметкерлерінің кәсіби және өмірлік стратегияны құруға қажетті ақпараттық тапшылықты еңсерудегі сұранысты қанағаттандыру проблемасы қарастырылады
Автор: Н.Б. Рудица
Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)