Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Қоғамдық ғылымдар


Қазақстан Республикасының заңды тұлғаны жоюдың кейбір аспектілері
Аңдатпа: ҚР АК заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп танудың ықтимал себебі ретінде заңды тұлғаны таратуды көздейді. Осы мақалада автор заңды тұлғаны таратудың шарттары мен тәртібін жан-жақты ашып көрсетеді, себебі айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама аясында тарату кезеңдерін қатаң сақтау, және де таратылатын заңды тұлғаның кредиторларының мүдделерін қорғау кепілдігі болып табылады.
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Электронды оқулықты әзірлеудің кейбір аспектілері
Аңдатпа: Мақалада оқушыларды электронды оқулықтар арқылы дайындау мәселесі сипатталады. Мақалада қазіргі кезде орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатика курсының ерекше маңызы бар. Электронды оқулықтың кейбір аспектілерін талдауға әрекет жасалды. Әдістемелік қолдау мәселесі, электронды оқулықты компьютерлік ғылымдарда қолдану қажеттілігі қарастырылады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қазіргі білім беру жағдайында информатика пәні бойынша электронды оқулықтар
Аңдатпа: Қазіргі кезде жалпы орта білім беру жүйесінде мемлекеттік міндетті стандартының, типтік оқу бағдарламаларының, оқу-әдістемелік кешенінің өзгеруімен жүретін білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асуда. Мақалада қазіргі заманғы жағдайда орта білім беру жүйесінде информатика курсының ерекше маңызы байқалады, 3, 6, 8 сынып оқушылары үшін информатика пәні бойынша әзірленген электронды қосымшаларды талдауға талпыныс жасалды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қазіргі әлемдегі қылмыстың себептері мен жағдайлары
Аңдатпа: Мақалада қылмыстың пайда болу себептері қарастырылды, қылмыстың негізгі себептеріне сипаттама беріледі. Қылмыстың әр түрлі түрлерінің пайда болу себептерін егжей – тегжейлі зерттеу арқылы қылмыс жағдайы-ілеспе, қажетті, жеткілікті түрлерге бөлінетіні анықталды. Екібастұз қаласының Ішкі Істер басқармасы қызметінің мысалында Екібастұз аймағындағы криминогендік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар анықталды, сондай-ақ осы шаралардың қорытындылары туралы статистикалық деректер келтірілген. Осы проблеманы зерттеу қорытындыларының бірі – құқық қорғау жүйесінің барлық құрылымдарының кәсіби дайындығын арттыру, қылмыстың материалдық негізі ретінде Экономикалық қылмысқа алдын ала әсер етудің құралдары мен әдістерін жетілдіру үшін тиісті материалдық және техникалық жағдайлар жасау.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Экономика мен кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмдері
Аңдатпа: Мақалада мемлекеттегі экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып, экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің аса маңызды бағыттары зерттеледі. Мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдары мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей қаралады. Кейбір қолданыстағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселелерді қамтымайды. Мұнда зерттелетін тақырып көбінесе өзекті болып табылатын жаңашылдықпен сипатталады.
Автор: Ж.Б. Aманбай
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Қазақстан Республикасындағы есірткі және бақыланатын психотроптық заттармен байланысты жағдайды бағалау
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының есірткі айналымы мен есірткіге қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты қазіргі заманғы есірткі ахуалына әкелетін мәселелерді қарастыру және оларды шешу мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Ашылған қылмыстардың төмендеуімен қатар осы салада әрекеттердің жыл сайын төмендеуі белгіленді. Жастар арасында интернет желісі арқылы синтетикалық есірткі белсенділігінің өршуі байқалады. Есірткіге қарсы күрестің нәтижелеріне ҰҚТ-ны жою, контрабанда мен есірткі бизнесінен түскен кірісті заңдастыру және әртүрлі бағыттағы кешенді алдын алу іс-шараларын жатқызуға болады. Нашақорлықтың қазіргі заманғы нысандарын алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу. Есірткі бизнесіне және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл әдістерін жетілдіру.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Студент – Компьютерлік ойындар – Ағылшын тілі
Аңдатпа: Мақала студенттердің ағылшын тілін өздігінен үйренуіне компьютерлік ойындардың әсер ету ерекшеліктерін анықтауға арналған. Оның ішінде компьютерлік ойындардың қызықты түрлерін атап өтуге болады. Бұл ағылшын тіліндегі белгілі жаттығулар болмаса да, дегенмен тілді меңгеруге зор үлес қосады. Компьютерлік ойындар ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты оятады, ағылшынша сөздерді түсінуге, дұрыс оқуға және сөйлеуге, сондай-ақ, сөздерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері жастардың шет тілін үйренуде кезінде осы әдістің тиімділігін көрсетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Кәмелетке толмағандар саудасының және баланы ауыстырудың криминалистикалық сипаттамасы
Аңдатпа: Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ал адам құқықтарын қорғау баланың құқықтарын сақтаудан басталады, ол өзінің физикалық және ақыл-ой жетілмеуіне байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қамқорлық қажет етеді. Қазақстан Республикасының 1990-шы жылдардағы терең экономикалық дағдарыспен қатар жүретін нарықтық экономикаға көшуі әлеуметтік құрылымның дәстүрлі салаларына: жұмысқа, отбасына, білім беруге кері әсерін тигізді. Осының салдарынан Қазақстан және ТМД – ның басқа да бірқатар елдері шетел азаматтарының асырап алуы үшін оларды шет мемлекеттерге жеткізетін балаларды экспорттаушы елдерге айналды. Кәмелетке толмағандардың сатылуы болып табылатын шет ел азаматтарының ТМД мемлекеттерінің балаларын асырап алудың көптеген фактілері қорғаншы және қамқоршы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қылмыстық – пайдакүнемдік сипатын жиі куәландырады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Жоғары білім берудегі ресурстарды басқару реформалары
Аңдатпа: Мақалада білім беру жүйесін басқарудың тиімділігі және оның жай-күйі мен даму беталысы туралы қол жетімді барабар ақпаратты талап ететіндігі айтылады. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі халықаралық салыстыру контексінде білім беру жүйесін дамыту көрсеткіштері туралы салыстырмалы деректерді талап етеді. Дүниежүзінің қазіргі экономикалық жүйесінде оның инновациялық бағытқа негізделген дамудың постиндустриалды сатысына өтуін анықтайтын үрдістер талданады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)