Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Құқық


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің адам саудасына қарсы іс-әрекеттеріндегі халықаралық ынтымақтастығы: жалпы сипаттама және негізгі бағыттар
Аңдатпа: Мақаланың мақсаты - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы іс-әрекеттеріндегі халықаралық ынтымақтастығының негізгі ықтимал бағыттарын қарастыру. Авторлар адам саудасына қарсы күрес саласындағы қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілерді талдау негізінде ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі қарастырады, ол мынадай жолмен жүзеге асырылады: құзыреттермен ішінара алмасу, қылмыстық істер бойынша бірлесіп тергеу, сондай-ақ адамды қылмыстық қудалау (экстрадициялау) үшін беру.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)
Тақырып: Құқық

Қылмыстық үкімдердің орындалуын сот бақылауы: қазіргі жай-күйі және оны жетілдіру перспективалары
Аңдатпа: Бұл мақалада қылмыстық жазалардың орындалуына сот бақылауының түсінігі, мәні және тағайындалуы, мемлекеттік бақылаудың ерекше түрі ретінде, оның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері арасында дербес және маңызды рөлі қарастырылады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)
Тақырып: Құқық

Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері: құқықтық реттеу мәселелері
Аңдатпа: Мақалада азаматтық іс жүргізу, процеске қатысушылар туралы жалпы сипаттама, іске қатысушы тұлғалардың топтастырылуы, олардың іс жүргізуге қатысу тәртібі, сонымен қатар олардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты қарастырылған. Азаматтық іс жүргізу - азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен процестің басқа да қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық іс жүргізу әрекеттері мен құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Осы іс жүргізудің басты мақсаты -бұзылған құқықты қалпына келтіру және заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген тәртіппен және қатаң ретпен жасалады. Заңда белгіленген тәртіп негізінде процестің барлық сатыларында азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары туындайды, дамиды және тоқтатылады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)
Тақырып: Құқық

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбекті пайдалану және заңсыз еңбек көші-қоны мақсатындағы адам саудасы: проблема қою
Аңдатпа: Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саясатының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешумен тікелей байланысты, яғни әлемдегі жаһандану және аймақтық процестерге, сондай-ақ оны өңірлерде және ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерде іске асыру тәжірибесіне сүйену көзделген. Сондай-ақ, ұлттық және ортақ мүдделерді ескере отырып, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан әлеуметтік саясаты мен еңбек әлеуетін салыстырмалы түрде қарау маңызды фактор болып табылады. Біздің елімізде қазіргі кезеңде Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. № 2 ISSN 1729-536X 51 заңсыз еңбек көші-қоны мен адам саудасы проблемаларына ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат -әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін одан әрі дамытуға және құқықтық ғылымның перспективалық және әлеуметтік, интеграциялық саясаттың маңызды бағыты ретінде еңбек құқықтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік құбылыс ретінде адам саудасы мен еңбек көші-қонын зерттеу және қарау өте маңызды. Онымен күресудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ заңнаманы, осы әлеуметтік құбылысқа қарсы іс-қимыл стратегиясын жетілдіру.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және мемлекеттік биліктің өзге де органдары: өзара іс-әрекеттің проблемалық аспектілері
Аңдатпа: Қазақстан Республикасында идеологиялық, әлеуметтік және саяси плюрализмге негізделген нарықтық экономика, демократиялық саяси жүйе және еркін азаматтық қоғам қалыптасып жатыр. Бұл конституциялық нормаларды дамытуға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін жаңа құқықтық институттардың алуан түрлілігіне өз түзетулерін енгізеді. Олардың қатарына Конституциялық Кеңес жатады. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына және республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі билік үш тармағының ешқайсысына кірмейді және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Мақалада Қазақстанның Конституциялық Кеңесі Республиканың конституциялық құрылысының негіздерін, прокуратураның конституциялық қадағалауын, Президент билігінің институтын, функциялары мен құралдарын талдау қарастырылады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің конституциялық-қадағалау органы ретінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметінің өзара іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен мемлекеттік биліктің басқа да институттары арасындағы өзара іс-әрекетінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді талдау болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің қолданыстағы Заңнаманы конституцияландыру жөніндегі қызметін кешенді зерттеу – өзекті теориялық және практикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ол түбегейлі қоғамдық реформаларды жүргізу кезеңінде қабылданған қолданыстағы Заңнаманың ауқымы мен сапасына, оны «түзету» және жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Бұл тұрғыда, ғылыми талданып және ұғынуды қажет ететін Конституциялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Бұдан басқа, авторлар Конституциялық Кеңестің басқа мемлекеттік билік институттарымен өзара іс-әрекеттерін құру жолдарын зерделеп, ашып көрсетті, Кеңесте конституциялық іс жүргізуге бастамашылық жасау, ұйымдастыру-хаттамалық, ақпараттық рәсімдер, Конституциялық Кеңестің құрамын анықтау, Конституциялық Кеңестің шешіміне Мемлекет басшысының қарсылықтарын еңсеру салалары да қаралды. Мақалада қолданылатын институционалдық әдіс - Конституциялық Кеңестің мемлекеттік билік органдары жүйесінде мәні мен маңызын көрсетуге мүмкіндік берді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың криминалистикалық сипаттамасы туралы
Аңдатпа: Ғылыми мақалада қылмыстың криминалистикалық сипатының түсінігі мен мәні, осы ұғымның қалыптасу тарихы зерттеледі, сондай-ақ осы ғылыми санаттың қазіргі криминалистика теориясындағы орны мен роліне назар аударылады. Зерттеуде қылмыстарды тергеудің жеке криминалистикалық әдістемесінің дербес элементі болып табылатын криминалистикалық сипаттама криминалистикалық теория мен тәжірибенің негізгі ұғымдарының қатарына жатады. Автор «қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы» деген сөз тіркесі ретінде қылмыстың жекелеген түрлерінің элементтері мен олардың механизмдері туралы әдеттегі деректер жүйесін түсіну керектігін көрсетеді. Нақты құқық бұзушылық бойынша нақты қылмыстарға қатысты тергеу субъектісіне түсетін криминалистикалық ақпарат жүйесі туралы мәселені қарау қажет. Еңбекте сапалы жаңа қылмыстық көріністерге қарсы тұру үшін «қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы» санатының маңыздылығы атап көрсетіледі, олардың арасында автор киберқылмыстарды бөліп көрсетеді. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы деген ұғым қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу жөніндегі ғылыми міндеттерді шешумен қатар негізгі тәжірибелік мақсаттарды, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа құрамын тергеуге қатысты міндеттерді іске асыруға қабілетті екендігіне күмән жоқ. Нәтижесінде, автор мақалада тұжырымдалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ұғымы қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу жөніндегі ғылыми міндеттерді шешумен қатар тергеудің негізгі тәжірибелік мақсаттарына жататын міндеттерді, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын іске асыруға қабілетті деген қорытындыға келеді.
Автор: А.О. Шакенов
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу қатынастарының жаңа форматы
Аңдатпа: Мақалада автор төтенше жағдай мен карантиндік шаралар жағдайында мемлекеттік сатып алудың құқықтық реттеу проблемаларын қарастырады. Мақсаты - елде төтенше жағдай және карантин режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында пайда болған өзгерістерді зерттеу болып табылады. Автор мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін қазақстандық заңнаманың жаңа нормаларына құқықтық баға береді және талдау жасайды. Мемлекеттік шекаралардың жабылуы, дағдыланған, жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы - мемлекеттік органдардың шаруашылық іс-әрекетіндегі ақаулықтарға әкелді. Орын алған барлық кемшіліктерге қарамастан, нарықта барлық қазақстандық өндірушілердің тауарларына сұраныстың артуы жағымды ықпал тигізді. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, енгізілген мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі өз кезегінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін кепілді өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жиі сатып алынатын тауарлардың импортын алмастыруға мүмкіндік берді. Автор осы салада қалыптасқан тәжірибені зерттеу негізінде заңнамадағы ???новеллалардың??? көмегімен мүлдем әлеуметтік жаңа жағдайларда мемлекеттік сатып алу саласын құқықтық регламенттеудің ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ, төтенше жағдай және карантиндік шаралар кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін құқықтық нормалардың қолданылу ерекшеліктерін ашады. ҚР Үкіметінің арнайы шаралар қабылдауы мемлекеттегі қаржы-экономикалық қатынастарды «тапсырыс беруші-жеткізуші» жаңа форматына көшіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Үкімет қабылдаған шаралар 2020 жылдың соңына дейін ұзартылды. ҚР Үкіметі тарапынан көрсетілген шаралар төтенше жағдай мен карантиндік шараларды енгізу аясында туындайтын шығындарды барынша қысқарту мақсатында орта және шағын бизнес өкілдері үшін осы саланы реттеудің жеңіл құқықтық режимін енгізуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі істерді қараудың сот тәжірибесіне талдау жасауды ескере отырып, автор Қазақстанда карантиндік шаралар жағдайында, әдетте, тапсырыс берушілер тарапынан да, жеткізушілер тарапынан да бір типті бұзушылықтар орын алғанын атап көрсетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Қазақстанда жеке бас бостандығын қылмыстық-құқықтық қорғау: қол сұғушылықты криминализациялаудың негіздері мен принциптері
Аңдатпа: Бұл мақалада автор адам мен азаматтың жеке бостандығына қарсы шабуылдарды криминализациялаудың негіздері мен принциптерін зерттейді. Осы зерттеудің мақсаты – жеке бас бостандығына қол сұғатын әрекеттер криминализациясының негізділігін құқықтық талдау болып табылады. Қоғамда орын алатын әлеуметтік қауіпті әрекеттерді криминализациялау қылмысқа әсер ету құралдары арасында жетекші рөл атқаратындығы баса айтылады. Қылмыстық заңнаманы дамыту тәжірибесінде бұрын қылмыстық ретінде жазылмаған әрекеттер кейіннен заңнамалық деңгейде қылмыс деп танылған көптеген мысалдар бар. Зерттеудің әдіснамалық негізін дәстүрлі жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістер құрайды: жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық. Зерттеуші жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарды криминализациялау қажеттілігі, ең алдымен, келесі негіздердің болуымен байланысты екенін айтады: қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі; осы әрекеттердің теріс динамикасы; қылмыстық жауапкершілікті қолданбай жоюға болмайтын осы қылмыстарды жасау жағдайларының болуы; конституциялық құқықтар мен заңнамалық актілерді қорғаудың қылмыстық-құқықтық кепілдігінің қажеттілігі; қаралып отырған әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің халықаралық-құқықтық міндеттемелерінің болуы. Мақала соңында, Қазақстан Республикасында заң шығарушыны жеке басының бостандығына қол сұғушылықты криминализациялауға итермелейтін объективті негіздер шын мәнінде болған және орын алған деген негізделген қорытынды жасалады. Автор жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау қағидаттарына: заңды-криминологиялық (қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы әлеуметтік қауіпті әрекеттерге әсер ету мүмкіндігі; қудалаудың процедуралық орындылығы; санкцияның пропорционалдылығы және қуғын-сүргінді үнемдеу принципі); әлеуметтік-экономикалық (қылмыспен келтірілген материалдық және моральдық зиянның маңызды сипаты; оң салдардың негативтерден артықшылығы; қылмыстық-құқықтық тыйым салуды жүзеге асыру үшін материалдық ресурстардың болуы; әлеуметтік-психологиялық (қоғамдық құқықтық сана мен психологияның жеткілікті деңгейі); тарихи дәстүрлерді жатқызады. Мақалада автор қазақстандық заң шығарушының жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау үшін шын мәнінде барлық негіз бар деген қорытынды жасайды. Сонымен бірге, жеке бас бостандығына қол сұғатын іс-әрекеттердің қылмыстық құқық нормаларымен салыстырмалы түрде реттелгеніне қарамастан, олар үшін қылмыстық жауапкершілікті құқықтық реттеу әлі де жетілдіруді талап етеді.
Автор: М.С. Акишев
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Қазақстан Республикасындағы дербес деректер: цифрландыру жағдайында құпиялылықты қамтамасыз ету мәселелері
Аңдатпа: Бұл мақалада ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында жеке тұлғаның жеке деректері құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты - экономика мен қоғамды цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасында жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу. Осы зерттеудің әдіснамалық негізін жалпы ғылыми әдістер құрайды: философиялық, диалектикалық, синергетикалық, индуктивті, дедуктивті, талдау және синтез әдісі, формализация, ұқсастық, зерттеудің тұтастығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін материалистік және эмпирикалық әдістер, сондай-ақ шет елдерде және Қазақстанда дербес деректерді қорғау жүйесінің мазмұнына барабар талдау жүргізуге мүмкіндік берген формальды-заңдық әдіс. Жаһандану, ақпараттық ашықтық және цифрландыру процестері жеке адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Осыған байланысты Интернет желісіндегі Дербес деректер айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бүгінгі күні ғылым мен құқық қолдану тәжірибесі үшін өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасы ақпараттық жүйелерде дербес деректерді өңдеуге қатысты мәселелерге жеткілікті назар аудармайды. Интернет желісінде дербес деректерді өңдеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру киберқауіпсіздік тұжырымдамасының («Қазақстанның Киберқалқаны») ережелерін іске асыру шеңберінде өзекті болып отыр. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада дербес деректерді рұқсатсыз жинаудан нақты кепілдіктер жоқ. Қазақстан Республикасының осы қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнамасында бірқатар заңнамалық шешімдер бар, алайда шет мемлекеттердің озық тәжірибесін пайдалануды ескере отырып, уақтылы түзетулерді талап ететін құқықтық қателіктер бар. Бұл мақалада жеке деректерді бұзудың заманауи қауіптерін зерттеуге ерекше назар аударылады және оларды қорғау әдістері қарастырылған. Авторлар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету тәртібіне қойылатын талаптар белгіленгеніне қарамастан, олар жалпы сипатқа ие және одан әрі нақтылауды қажет етеді деген қорытындыға келеді. Бұдан басқа, осы уақытқа дейін тиісті құқықтық регламенттеуді алмаған дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар бірқатар елеулі аспектілер бар.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің жағдайы: тарихы және қазіргі заман
Аңдатпа: Бұл ғылыми мақалада Қазақстан аумағындағы түрме тәрізді қылмыстық-атқару жүйесі түрінің пайда болу және даму тарихы қарастырылады, жазалау жүйесіне, оның мазмұнына, мақсаттарына, негізгі даму бағыттарына талдау жасалған, онсыз қылмыстық жазаларды орындау жүйесінің қалыптасу процесін қадағалау мүмкін емес. Мақалада жазалаудың мәжбүрлеу тәсілі ретінде әлеуметтік-таптық қайшылықтарды шешуде кеңінен қолданылатындығы атап көрсетілген. Дәстүрлі қазақ қоғамы патриархаттық-феодалдық болғандықтан, ол кландық жүйе институттарының (тапқа дейінгі қатынастар) және феодалдық формацияның (таптық қоғам) қатар өмір сүруіне имманентті болды, бұл құбылыстар антагонистік сипат ала алмады. Сондықтан патшалық Ресейге дейінгі кезеңде Қазақстан аумағында түрме болған емес. Мақалада Қазақстандағы түрме мекемелері жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы тарихи-құқықтық тұрғыдан баяндалған. Авторлар осы мәселені мазмұнды зерттеу негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, кез-келген басқа әлеуметтік институттар сияқты, қоғамдық дамудың қажеттіліктерімен тығыз байланыста дамыды деген қорытындыға келеді. Мақалада түрме қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жүзеге асыруда жалпы өркениеттік тәсілдің әмбебаптығы қағидасының қолданылуы айқын көрсетілген. Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінің бүкіл даму тарихында алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі ескерілді. Авторлар кеңестік түрмелерде қылмыскерді қоғамнан қатаң оқшаулау тәжірибесі түзету әсері жеткіліксіз деп санайды. Шынында да, «poenitentiarius» (пенитенциарлық) терминінің латын тіліндегі мағынасы – «түзетуші» дегенді білдіреді. Осыған байланысты олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің түрмелерге қатысты ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынады және әлемнің дамыған демократиялық елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, өз қызметіне түрмеге қамаудың прогрессивті жүйесінің кейбір үзінділерін қосады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық