Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары
Аңдатпа: Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген. Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.; агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ. 1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Түрлі параметрлердің кейбір жылу өткізбейтін материалдардың жылу өткізгіштігіне әсері
Аңдатпа: Мақалада процестін негізгі факторлардың жылу оқшаулағыш материалдардың жылу өткізгіштігіне әсерін талдау нәтижелері келтірілген. Негізгі факторлар ретінде тығыздық, температура және ылғалдылық қарастырылған. Зерттеулер тәжірибені жоспарлау теориясы негізінде өткізілген. Материалдың тығыздығы мен температурасына жылуөткізгіштіктің алынған тәуелділіктері осы факторлардың эксперимент нәтижесіне шамамен бірдей әсер ететінін көрсетті.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы
Аңдатпа: Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары ұсынылған. Пештің футеровкасына термиялық әсер еткен кезде физикалық құбылыстар орын алады, олар термиялық кеңею деп аталады. Жоғары температураларда өзінің сипаттамаларын сақтап қалатын материалдар - отқа төзімді материалдар деп аталады. Термиялық беріктік нақтырақ сипатталған. Беріктік шегін зерттеу үшін ғылыми стенд қолданылған. Тәжірибелер өткізу барысында температура мен қысымды өлшеу әдісі келтірілген. Электролизерлерді футеровкалау үшін отқа төзімді материалдардың сипаттамаларын және өндірістегі нақты жүктемелерді мүмкіндігінше дәлірек білу қажет
Автор: А.А. Асаинов
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Аңдатпа: Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіптік қызметке кәсіби даярлау мәселесі қарастырылады. Білім беру жүйесінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына және артып келе жатқан роліне көңіл бөлінген. Болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлау жүйе түрінде ұсынылған, оған уәждеме, білім және білік сияқты компоненттер кіреді. Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды жетілдіруге қажетті қағидалар нақтыланған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Ана болуға психологиялық дайындалудың өзекті мәселелері
Аңдатпа: Бұл мақала ана болуға психологиялық дайындалудың кейбір проблемалары туралы материалды қамтиды. Мақалада ана болуға психологиялық дайындықты, ана болуға қажетті-уәждемелік дайындықты, ана болуға құндылықты-мағыналық дайындықты анықтауға мүмкіндік беретін негізгі факторлар бөлініп шығарылған
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Көптілділік білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру
Аңдатпа: Бұл мақалада халықаралық тәжірибе аспектісінде көптілділік білім беруді дамыту мәселелері қарастырылады. Еуропа елдерінде көптілділік деп түсінетіндері, көптілді білім беру нормаға айналу үшін қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастырудың мүмкін әдістері ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Білім беру үдерісіне құзыреттілікті қалыптастыру тәсілін енгізу
Аңдатпа: Мақалада оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында құзыреттілікке баулу тәсілін қолдану мәселесі қарастырылған. Басым назар оқытудағы құзыреттілік тәсілдеріне аударылады. Сонымен қатар тұлғаны дамытуға бағытталған оқытудың мән-мағынасы ашылады. Ашылған тақырып шеңберінде бірқатар теориялық зерттеулер қолданылған. Білім беру процесін әлеуметтендірудің қажет екені туралы тезис расталады
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Студент жастардың ана атануға саналы дайындығы
Аңдатпа: Берілген мақалада "ана атану" ұғымының түрлі анықтамалары, сондай-ақ адамның талаптар, міндеттер, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарының тұтас кешенін қабылдауын білдіретін студент жастардың ана атануға дайындалуының адамгершілік-психологиялық аспектілері қарастырылған. Мұндай дайындық студент жастардың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін, ана атанудың әлеуметтік абыройлығын арттыруға, студент жастардың ана атануға психологиялық дайындығын көтеруге, терең, нақты білім алуға бағытталған. Студент жастардың ана атануға саналы дайындығының деңгейі әйел адамның ана болуға әзірлену кезіндегі оң және теріс факторлардың әсер етуінің жалпы нәтижесімен анықталады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Оқытудағы ынтымақтастық – табысты сабаққа жеткізер жол
Аңдатпа: Мақалада мұғалімнің оқушылармен және білім алушылардың бір-бірімен серіктестігін ұйғаратын шетел тілін табысты оқытудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Автор оқу процесінің тиімділігі мұғалімнің оқытудың түрлі нысандарын пайдаланып, ынтымақтастықты ұйымдастыру және студенттерді белсенділендіру қабілетіне байланысты екенін атап өтеді.
Автор: И.Ф. Бород
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық шарттары
Аңдатпа: Бұл мақалада түрлі білім беру жүйелерінің болашақ мамандарын дайындау бойынша агротехникалық университеттің жұмыс тәжірибесі негізінде студенттерге кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық шарттары қарастырылған. Кәсіптік білім беру барысында студенттерді тұлға ретінде дамытуда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолдану арқылы жүргізудің бүгінгі күн талаптарын ескере отырып, жұмыстар жасауға әсері мол. Бұл бағытта педагогика ғылымы мен практикасына қатысты ұлы педагогтар мен ғалымдар еңбектеріндегі идеялар мәнін талдау біздің жасаған зерттеу жұмысымыздың бір бағыты болып табылады. Келесі маңызды бағыт ретінде білім берудің дәстүрлі және жаңа парадигмалары талданды. Бұл жұмыстар кәсіптік білім беруді жетілдіруге оң әсер ететін педагогикалық шарттарды анықтауға көмектеседі.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)