Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Жыл таңдаңыз


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және мемлекеттік биліктің өзге де органдары: өзара іс-әрекеттің проблемалық аспектілері
Аңдатпа: Қазақстан Республикасында идеологиялық, әлеуметтік және саяси плюрализмге негізделген нарықтық экономика, демократиялық саяси жүйе және еркін азаматтық қоғам қалыптасып жатыр. Бұл конституциялық нормаларды дамытуға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін жаңа құқықтық институттардың алуан түрлілігіне өз түзетулерін енгізеді. Олардың қатарына Конституциялық Кеңес жатады. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына және республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі билік үш тармағының ешқайсысына кірмейді және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Мақалада Қазақстанның Конституциялық Кеңесі Республиканың конституциялық құрылысының негіздерін, прокуратураның конституциялық қадағалауын, Президент билігінің институтын, функциялары мен құралдарын талдау қарастырылады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің конституциялық-қадағалау органы ретінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметінің өзара іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен мемлекеттік биліктің басқа да институттары арасындағы өзара іс-әрекетінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді талдау болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің қолданыстағы Заңнаманы конституцияландыру жөніндегі қызметін кешенді зерттеу – өзекті теориялық және практикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ол түбегейлі қоғамдық реформаларды жүргізу кезеңінде қабылданған қолданыстағы Заңнаманың ауқымы мен сапасына, оны «түзету» және жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Бұл тұрғыда, ғылыми талданып және ұғынуды қажет ететін Конституциялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Бұдан басқа, авторлар Конституциялық Кеңестің басқа мемлекеттік билік институттарымен өзара іс-әрекеттерін құру жолдарын зерделеп, ашып көрсетті, Кеңесте конституциялық іс жүргізуге бастамашылық жасау, ұйымдастыру-хаттамалық, ақпараттық рәсімдер, Конституциялық Кеңестің құрамын анықтау, Конституциялық Кеңестің шешіміне Мемлекет басшысының қарсылықтарын еңсеру салалары да қаралды. Мақалада қолданылатын институционалдық әдіс - Конституциялық Кеңестің мемлекеттік билік органдары жүйесінде мәні мен маңызын көрсетуге мүмкіндік берді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбекті пайдалану және заңсыз еңбек көші-қоны мақсатындағы адам саудасы: проблема қою
Аңдатпа: Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саясатының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешумен тікелей байланысты, яғни әлемдегі жаһандану және аймақтық процестерге, сондай-ақ оны өңірлерде және ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерде іске асыру тәжірибесіне сүйену көзделген. Сондай-ақ, ұлттық және ортақ мүдделерді ескере отырып, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан әлеуметтік саясаты мен еңбек әлеуетін салыстырмалы түрде қарау маңызды фактор болып табылады. Біздің елімізде қазіргі кезеңде Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. № 2 ISSN 1729-536X 51 заңсыз еңбек көші-қоны мен адам саудасы проблемаларына ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат -әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін одан әрі дамытуға және құқықтық ғылымның перспективалық және әлеуметтік, интеграциялық саясаттың маңызды бағыты ретінде еңбек құқықтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік құбылыс ретінде адам саудасы мен еңбек көші-қонын зерттеу және қарау өте маңызды. Онымен күресудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ заңнаманы, осы әлеуметтік құбылысқа қарсы іс-қимыл стратегиясын жетілдіру.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

Студенттерге «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәнін ағылшын тілінде оқыту технологиясының ерекшеліктері
Аңдатпа: Шет тілдерін оқытудағы түрлі әдістер мен тәсілдер қазіргі жаһандану мен интеграция әлемінде жоғары танымалдыққа ие болады. Білім беру жүйесінің интеграциясы шет тілдерін меңгеру үдерісін жеделдетуді және оның сапасын арттыруды негіздейді,осыған байланысты осы мақалада оларды оқу орындарының білім беру жүйесіне енгізу мақсатында оқытудың ең жаңа әлемдік әдістемелері қарастырылады. Атап айтқанда, қазіргі білім беру ортасында болашақ мамандарды кәсіби даярлау (Content and Language Integrated Learning) үдерісінде пәндік және тілдік оқытуды интеграциялау идеясына негізделген, шет тілінде кәсіби бағытталған құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін тәсіл ерекше маңызға ие болады. Осыған байланысты мақалада студенттердің дәрістік, тәжірибелік сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысы барысында «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәні мысалында студенттерге арналған пән-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесіне (CLIL) сәйкес даярлаудың лингвистикалық емес бағыттарының студенттері үшін білім мен дағдыларды белсендіру әдістемесі ұсынылған, бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мен жетілдіруге және шет тілін меңгеру деңгейіне ықпал етеді. Сонымен қатар, тілдік компонент теориясын («Language input theory»), екінші тілді қабылдау теориясын («Second language acquisition»), өзара әрекеттесу теориясын («Interaction theory») «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәні бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысы барысында қолдану тәсілдері көрсетілді. Пән ерекшелігіне қарай CLIL әдістемесіне сәйкес сабақ барысының тәжірибелік алгоритмі (дәріс сабақтары мысалында) берілген. Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес студенттердің білімін бағалау әдістемесі ұсынылған. Мақалада студенттердің пән материалдарын меңгеруіне көмек ретінде оқытушының қосалқы рөліне ерекше назар аударылады, ол студенттің базалық кәсіби білімі мен іскерлігін меңгеруіне қарай қысқарады. Осы арқылы оқытушының оқытудың бірінші кезеңдерінде (таныстыру, енгізу, оқыту, соның ішінде, шет тілін бір уақытта оқу кезінде өзіндік талдау және деректерді бағалау) студенттердің өз бетінше оқытуымен қосалқы рөлі атап өтілді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Жас футболшылардың координациялық қабілеттерін дамытуға ырғақтық гимнастиканың әсері
Аңдатпа: Қазіргі уақытта спорттағы маңызды мәселе - кәсіби футбол үшін білікті резервті дайындау болып табылады. Бұл проблеманы шешу көбінесе футбол ойынын оқытудың бастапқы кезеңінде балалардың техникалық даярлығының мазмұны мен ұйымдастырылуымен байланысты. Осыған байланысты, ырғақты гимнастиканы оқытудың бастапқы кезеңінде жақсы дамып келе жатқан координациялық қабілеттер сияқты физикалық қасиеттерді дамыту және ойын техникасын оқыту әдістемелерін рационализациялау бойынша жаңа жолдар мен ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді іздестіру қажеттілігі туындайды. Зерттеудің мақсаты 7-10 жас аралығындағы жас футболшылардың координациялық қабілеттерін дамытуға ырғақты гимнастика сабақтарының әсерін анықтау болды. Мақалада жас футболшыларға арналған ырғақты гимнастика бағдарламасын қолдану қарастырылған, ол футболдың деңгейін жақсарту үшін қажет үйлестіру қабілеті, икемділік сияқты қозғалыс қасиеттерін дамытуға бағытталған. Қозғалыс қасиеттерін зерттеуде нәтижелерді алудың негізгі әдісі - тестілеу. Ол жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жай-күйінің деңгейін, сондай-ақ үйлестіру қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, атап айтқанда ырғақтық, икемділік, дәлдік, тепе-теңдік және кеңістіктегі бағдар. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде әзірленген бағдарламаның тиімділігі анықталды. Алынған зерттеу нәтижелері ырғақты гимнастика элементтерін қолдану сабаққа құралдардың әртүрлілігін енгізетінін және жаттықтырушыға осы жастағы физиологиялық талаптарға толық жауап беруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Ырғақты гимнастика бағдарламасын балалар футбол мекемелерінде кеңінен қолдануға болады, өйткені сабақ барысында спортшылардың координациялық Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. № 2 ISSN 1729-536X 39 қабілеттерінің деңгейі артады, өз қимылдарын басқара білуді қалыптастыру үшін, яғни мақсатты, өнімді, үнемді әрекет ету үшін ең жақсы жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Зерттеу іс-әрекеті мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір формасы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылатын зерттеу қызметінің мәселесі қарастырылған. Мұғалімнің зерттеу қызметі мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір түрі болып табылады. Қазіргі уақытта мектептер жаңа формациядағы мұғалімдерді, атап айтқанда, мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін меңгере алатын зерттеушілерді қажет етеді. Әрине, бұл жерде осындай мәселе туындайды: білім беру жүйесі үнемі реформалауға ұшырайтын заманауи жағдайларда мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдіруін дамытуға болатындай. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне инновацияны енгізу педагогтың кәсібилігіне қойылатын талаптарды арттырады. Осындай талаптарға мектеп педагогтарының зерттеу жұмыстарын орындауы да жатады. Өкінішке орай, олардың кейбір қиындықтары бар. Олардың бірі – зерттеу қызметі туралы жеткілікті білімнің болмауы, атап айтқанда, қажетті зерттеу біліктерінің, уәждемелерінің қалыптаспауы болуы мүмкін. Сондықтан, біз мұғалім жүйелі түрде зерттеу қызметімен айналысу үшін оған мотивация қажет деп айтамыз. Алайда, бір мотивация тәжірибесі жеткіліксіз, мұғалім зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, зерттеу іс-әрекеттерін меңгеруі тиіс. Өзінің кәсіби қызметінде мұғалім зерттеу қызметі – өзін-өзі жүзеге асыруға жол екенін түсінуі тиіс. Зерттеу жұмысы мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп мұғалімінің зерттеу қызметі кәсіби қызметтің негізгі элементі, педагогикалық шығармашылықтың жетекші өлшемі, оқытушылар мәртебесінің өсу көзі, жауапкершілік, қабілет және талант көрсеткіші, білім алушылардың дамуы, әлеуметтенуі және өзін-өзі анықтауы үшін жағдай болып табылады. Тек мұғалімнен, оның бастамашылығынан, зерттеу қызметімен, шығармашылықпен айналысқысы келетіндіктен ғана мектептегі инновациялық өзгерістердің сәттілігі байланысты. Егер мектеп даму режимінде өмір сүрсе, онда оған зерттеу, тәжірибелік‐эксперименттік жұмыс, шығармашылық ізденіс тән. Тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу қызметі барысында жаңа тәжірибе жасалып, күрделі мәселелерді оңтайлы шешу туады. Мақалада ұсынылған материалды жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз бетімен білім алу және мұғалім портфолиосын құрастыру тақырыбын әзірлеу де пайдаланаалады
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Орта ғасырлық араб тілді философиядағы ақыл-ой мәселесі. Тарихи-философиялық аспект
Аңдатпа: Авторлар шығыс перипатетиктерінің философиясын талдауға сүйене отырып, орта ғасырдағы араб тілді философиялық дүниетанымда ақыл-ой мәселесінің генезисін қадағалау қажет екенін көрсететін, аз зерделенген аспектілер бар екенін көрсетті. Мақалада ХХІ ғасыр әлемі – бұл ғылым мен философия саласындағы логикалық-гносеологиялық мәселелерді талап ететін постиндустриалды, ақпараттық қоғам әлемі. Сондықтан осы мәселенің тарихын, оның генезисі мен дамуын оң әлеует пен прогрессивті идеяларды анықтау үшін сыни зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл тұрғыда Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд, араб тілді орта ғасырдағы ой мен логика мәселелерін, гносеологиялық идеяларды талдау және зерттеу тек тарихи-философиялық қызығушылыққа ғана емес, сонымен қатар өзекті мәнге ие. Бұл мақалада авторлар Аристотель идеяларына сүйенетін ортағасырлық араб тілді Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд философиясының шығыс перипатетизм өкілдерінің дүниетанымындағы ақыл-ой мәселесі қарастырылды. Жұмыста орта ғасырға тән, араб тілді ақыл мәселесінің тарихи-философиялық аспектісі ұсынылған. Шығыс перипатетизм өкілдерінің танымдық қызығушылығы философиямен, логика мәселелерімен, ақыл-ой туралы оқумен байланысты. Орта ғасыр дәуіріндегі араб тілді философтар адамның гносеологиялық қабілеттерін ұғынумен айналысты, Әл-Кинди араб тілді философияның негізін қалаушы бола отырып, ақыл-ойдың түрлері мен таным кезеңдері туралы идеяны ұсынды. Әл-Киндидің оң философиялық идеялары Әл-Фарабидің дүниетанымына байланысты дамыды. Ұлы ғұлама ақылға қонымды танымның басымдығын даусыз деп санады, сонымен қатар Әл-Фараби логикаға, таным теориясына және адамның танымдық қабілетіне қызығушылық танытты. Әл-Фараби философиясы Ибн-Синаның философиялық көзқарастарына елеулі әсер етті. Ибн Синаның рационализмі логиканы өте жоғары бағалауда да көрініс тапты, ойшыл логиканы философиялық білімге енгізу деп санады. Ибн-Рушд өзінің шығармашылығында оның ізбасарлары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина сияқты перипатетикалық жолмен дамыды. Авторлар философия мен ғылымдағы ақыл проблемасы араб тілді орта ғасырдағы шығыс перипатетиктерінің іліміне байланысты өзінің генезисінің бар екенін көрсетуге тырысты. Орта ғасырдағы араб тілді философтар ойдың танымдық күші туралы ілімді, теологиялық контекст пен логикалық-гносеологиялық шектеулерге қарамастан, философия тарихында прогрессивті рөлге ие етті.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Сана құрылымындағы концептосфера
Аңдатпа: Бұл мақалада қазіргі ғылымдағы «концептосфера» ұғымының зерттеу нәтижелері берілген. Негізгі акцент тіл сөздерінің мәндерімен ұсынылған семантикалық салаларға қойылады. Сонымен қатар, авторлар тұжырымы бойынша егер ұлт мәдениеті, оның фольклоры, әдебиеті, ғылым, бейнелеу өнері, тарихи тәжірибесі, діні бай болса, халық концептосферасының тегеуріні бай дегенді көрсетеді. Бұдан басқа, адамның концептосферасы оның бірлігі ретінде концепттерден құрылған білім саласы болып табылады. Мақалада тұжырымдамалардың концептосфералық жиынтығының көздері көрсетілген, олардың ішінен тіл тасымалдаушысының дүниетанымдық көзқарасықалыптасады. Мақалада жеке белгілері бойынша басқа тұжырымдамалармен иерархия, корреляциялық қатынастарға кіретін концептосфераны құрайтын тұжырымдамалардың негізгі тенденцияларына 18 Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы. 2020. № 2 ISSN 1729-536X талдау жүргізіледі. Концептердің жүйелік қатынастарының нақты сипаты зерттеуді талап етеді, бірақ жүйеліліктің жалпы принципі, сөзсіз, ұлттық концептосфераға қолданылмайды, өйткені ойлаудың өзі ой заттарын санаттауды, ал санаттау оның объектілерін ретке келтіруді болжайды. Мақалада менталдық репрезентациялар, менталдық лексикон, оның бөлігі болып табылатын ой тілі терминдерінде қарастырылуы тиіс тұжырымдамалық жүйені жалпылауы берілген. Сонымен қатар, когнитивтік кеңістік термині жеке когнитивтік кеңістікті шектейді, яғни ол әрбір сөйлеуші, кез келген тілдік тұлғаға тән білім мен ұсыныстардың құрылымынын жиынтығы болып табылады. Авторлар өз зерттеуінде белгілі бір социумға кіретін барлық жеке тұлғалар бар білім мен ұсыныстардың құрылымдалған жиынтығымен ұсынылған ұжымдық когнитивті кеңістікке ерекше көңіл бөлді. Концептосферы және семантикалық тілдің кеңістігін ажыратуға көңіл бөлінген. Авторлардың пікірінше, концептосфера ойлау саласының болуын болжайды. Менталды сфераны ұғымдар, схемалар, гештальттар, ойлау суреттері, фреймдер, сценарийлер түріндегі тұжырымдамалар құрайды. Тілдің семантикалық кеңістігі тілдік белгілердің көмегімен көрсетілетін концентосфера бөлігін білдіреді. Тілдің семантикалық кеңістігі, адам этностарының концептосферасының көп бөлігі тілдің семантикалық кеңістігінде ұсынылғандықта,н когнитивтік лингвистиканың зерделеу пәні болып табылады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Шежірелердегі метамәтін бірліктерінің функционалды-семантикалық ролі
Аңдатпа: Мақала орыс тілі синтаксисі қарастырмаған мәселелерге, оның ішінде, XI-XIV ғ.ғ. ежелгі орыс жылнамасының ескерткіштеріндегі эгоцентрлік элементтердің қызметіне арналған. Диахроникалық зерттеу қазіргі орыс тілінде эгоцентрикалық бірліктердің табиғатын, функционалдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Мақалада негізгі мәтіннің «семантикалық өрнегін» түсіндіретін, оның әр түрлі элементтерін біріктіретін, күшейтетін және бекітетін метатекстік бірліктердің негізгі белгілері қарастырылады, сондай-ақ олардың ежелгі орыс шежірелік мәтіндердегі сөйлеуші позицияның өзіндік экспликаторы ретіндегі рөлі білінеді. Жылнамалық мәтінде метатекстілік бірліктердің болуы - көне орыс әдебиеті шығармаларындағы авторлық бастаудың қатысуы туралы ғылыми ережені растайды, яғни өз пікірінің (тілдік шығармасының) тілдік кодына авторлық қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы, метатекстуалды интерпретация объектінің түсінігін жеңілдетуге, оны сипаттаудың жаңа элементтік базасын табуға бағытталған.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Жергілікті ешкі тұқымының өнімділігіне будандастырудың әсері
Аңдатпа: Мақалада таулы-Алтай ешкі тұқымының бейімделгіш пен өнімділік қасиеттерін және олардың нақты климаттық жағдайдағы тұқымдарын және будандарының нәтижелері көрсетілген. Таулы-Алтай ешкі тұқымын әкелу және оны Қазақстанның солтүстік-шығыс жағдайында одан әрі өсіру мүмкіндігі анықталды
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Иттердің жұқпалы гепатиті кезінде ІҚМ аденовирустық инфекциясын диагностикалаудың құралдары мен әдістерін қолдану мүмкіндігін зерделеу
Аңдатпа: Мақалада ұсақ үй жануарларындағы вирустық этиология ауруларының дифференциалды диагностикасының бүгінгі күнгі өзекті мәселесіне арналған. Иттер мен мысықтардың вирустық аурулары жоғарыт ұқымды, сондай-ақтұқымсыз жануарлардың арасында кең таралған. Аурудың таралуына ұсақ үйжануарлары санының артуы, питомниктерді ұстауды танымал ету, жануарларды тасымалдауға байланысты трансшекаралық операциялар ықпал етеді. Ірі қарамалдың аденовирустық инфекциясын диагностикалаудың құралдары мен әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Диагностика мерзімдерін қысқарту жүзегеасырылатын емдеу және эпизоотияғақарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Иттердің аурушаңдығы құрылымында етқоректілердің жұқпалы гепатитінің орнын аталдау жасалды. Мақалада ұсақүйжануарларының жұқпалы ауруларын тірікезінде және өлгеннен кейін диагностикалауды жүзеге асыру үшін аденовирустар отбасы өкілдерінің белгіленген антигендік туыстық қолдану мүмкіндігі саласындағы ізденістер сипатталады. Авторлар ірі қарамалдың аденовирустық инфекциясын диагностикалау құралдарын пайдалана отырып, иттердің жұқпалы гепатитін диагностикалау үшін серологиялық реакцияларды қоюды жүзеге асыру әдісін ұсынды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)