Аңдатпа:
Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту қаралды. Осы проблеманың контекстінде медициналық мекемелерді басқару сапасы маңызды рөл атқарады. Денсаулық сақтаудағы экономикалық дағдарыс жағдайында басқарудың жаңа нысандарын, әдістері мен үлгілерін енгізу арқылы медициналық мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды қиындататын факторларды пайда болу тәсілі бойынша шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сыртқы орта факторлары және ішкі орта факторлары. Жиынтығында, өзара әрекеттесе отырып, бұл факторлар заманауи медицинаның дамуын тежеуге алып келеді. Осылайша, қазіргі кезеңде медициналық мекемелерді басқару процесінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтуге болады: жеткіліксіз қаржыландырылудың бөлшегі, қазақстандық азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне сенімінің төмен деңгейі, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің проблемалары, жоғары білікті медициналық кадрлардың тапшылығы, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының басқарушылық біліктілігінің төмендігі. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қорытындылар жасалды.
Журналдың шыққан жылы:
2019
Журнал нөмірі:
1(73)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар