Аңдатпа:
Платформалық жұмыспен қамтудың дамуы жəне алгоритмдік басқаруды енгізу
қызметкердің дəстүрлі құқықтық мəртебесінің бұзылуына əкеледі. Платформалар өздерін
ақпараттық делдал ретінде көрсете отырып, орындаушыларды тəуелсіз мердігерлер ретінде
жіктейді, бұл еңбектің жаппай прекаризациясын (тұрақсыздығын), əлеуметтік кепілдіктерден
айыруды жəне азаматтардың құқықтарын қорғаудағы құқықтық вакуумды тудырады.
Платформалық жұмыспен қамту субъектілері мəртебесінің трансформациясын
теориялық-құқықтық талдау жəне Еуропалық Одақтың озық тəжірибесін ескере отырып,
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жаңғырту бойынша тұжырымдамалық
ұсынымдар əзірлеу.
Зерттеуде диалектикалық, жүйелік, формальды-заңдық жəне салыстырмалы-құқықтық
əдістерді қамтитын кешенді əдіснамалық тəсіл қолданылды. Эмпирикалық базаны халықаралық
актілер, соның ішінде 2024/2831 ЕО Директивасы, ХЕҰ (МОТ) жəне БҰҰ құжаттары құрады.
Қазақстанда басым болып табылатын платформалық жұмыспен қамтуды реттеудің
цивилистік моделі қатынастардың билік асимметриясын көрсетпейтіні жəне жалған өзін-өзі
жұмыспен қамтуды заңдастыратыны дəлелденді. Алгоритмдік басқару жасырын жұмыс
берушілік бақылаудың жаңа нысаны екендігі анықталды.
«Қызметкер – тəуелсіз мердігер» қатаң дихотомиясынан бас тартудың сыни қажеттілігі
негізделді. Еуропалық модельді ҚР Еңбек кодексіне имплементациялау ұсынылды:
платформалық қызметкерлер үшін еңбек қатынастарының жоққа шығарылатын презумпциясын
заңнамалық бекіту жəне алгоритмдік ашықтықтың қатаң нормаларын енгізу. Бұл шаралар
цифрлық инновациялар мен лайықты еңбек құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді
қамтамасыз етеді.
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Тақырып: Құқық
Қазақ
English
Русский